Түркістан облысында карантин режимі енгізіледі

Түркістан обылысында 19 сәуір сағат 00:00-ден бастап, карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Ахуал орталығында мәлімдеме жасады.

Түркістан обылысында 19 сәуір сағат 00:00-ден бастап, карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Ахуал орталығында мәлімдеме жасады.

Түркістан қаласы аумағын суландыру бағытында көшелер бойынан ирригациялық каналдар мен арықшалар салынуда. Қазіргі таңда ирригациялық арықтарды абаттандыру, тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы Келес ауданында биыл 24 200 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған. Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды.

Түркістан қалалық полиция басқармасы беймезгіл уақытта себепсіз көшеде жүрмеуді ескертеді. Тек дәріхана, аурухана т.б. қажетті жағдайда ғана үйден шығу орынды. Ең алдымен ол өзіңіз бен жанұяңыздың қауіпсіздігі үшін деп жауапкершілікпен қараған жөн.

Түркістан қаласында коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов журналистермен кездесуінде мәлімдеді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты.

Түркістан облысында 17 сәуір күнгі ақпарат бойынша инфекциядан жазылғандар саны 6-ға жетті,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан қаласының тұрғындарының әсіресе көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты аналар, әлеуметтік осал топтар, әртүрлі отбасылық жағдаймен үйден шыға алмай отырған тұрғындарды қолдау ретінде №9 әлеуметтік дүкеннен үйге дейін азық-түлік тауарларын жеткізу қызметі ұйымдастырылды.

Түркістан облысында коронавирус дертінен 1 науқас жазылып шықты. Сайрам ауданы, Қарабұлақ елдімекені, Көлкент ауылдық округі, Мәдени ауылының 1946 ж. тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, бүгінгі таңда толықтай дертінен айықты.