Шымкент қаласы әкімдігі жергілікті тұрғындарды үйден шықпауға шақырады

«Баршаңызға мәлім, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Сіздерден өз үй-жайларыңыздан мүмкіндігінше шықпауды өтінеміз. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек алу сынды аса қажеттілік болмаса, сауда орындары мен базарларға, саябақтарға, ойын алаңшаларына баруды және туған-туыстардың, дос-жарандардың үйлеріне қыдыруды уақытша доғаруды сұраймыз». Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы мәлімдеді. 

Шымкент: Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді

Шымкент қаласы әкімдігі шаһар тұрғындарына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілгенін ескертті. 

Шымкент: Қоғамдық орындарда коронавирустың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда қала әкімдігінде жедел штаб құрылып, қауіпті инфекцияның алдын алу үшін арнайы кешенді іс-шаралар әзірленді. 

Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. Брифингте Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсебеков, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директоры Н. Қабыштаев қатысқан брифингте азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар жайлы баяндады. 

Түркістан: Кентауда 20 мың бетперде тегін таратылды

Бүгін Кентау қаласының тұрғындарына  20 000 жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болып отыр. Әрбір көшені аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар қосымша коронавирустан қорғану жолдарын да түсіндірді.

Түркістан: Блок-бекеттердегі бейнебақылау камералары облыстық ситуациялық орталыққа қосылған

 

Бүкіл әлемді үрейге бой алдыртқан пандемия күре жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді мәжбүр етті. Түркістан қаласына кіреберісте Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок - посттары мен Теміржол вокзалындағы бақылау өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды.