Super User

Super User

Тұрғындары тілегі – басты назарда: Отырар ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Отырар ауданында халықтың өтініш-тілегін тыңдау, тұрғындарды толғандырған мәселелерді зерделеу және олардың заң аясында шешілуіне ықпал ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында жер телімі, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, газ тарту, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және денсаулық мәселелері көтерілді.

Көксарайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды: бұл ауыл қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам

Отырар ауданының Көксарай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт оқиғаларына жедел ден қою және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған бұл нысан – Түркістан облысындағы 17-ші өрт сөндіру бекеті. Жаңа нысанның іске қосылуы ауылдық аумақтардағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғау бағытындағы жұмыстарға тың серпін бермек.

Отырарда бюджет қаражатының тиімді игерілуі мен рейтингтік көрсеткіштердің орындалуы талқыланды

Отырар ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін жақсарту, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және белгіленген межелерге қол жеткізу мәселелері тұрақты бақылауда. Осы бағыттағы жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппарат мәжілісі өтті.

Отырарда ұлттық құндылық, рухани тәрбие және қоғамдық келісім тақырыбы талқыланды

Отырар ауданында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымы мол рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Ұлттың ұстынына айналған отбасы құндылықтары, жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрдің маңызы, қоғамдағы татулық пен діни сауаттылық мәселелері кеңінен қозғалған басқосуда арнайы шақырылған қонақтар өз ойларын ортаға салып, көпшілікпен еркін пікір алмасты.

Осы RSS каналға жазылу