Түркістан облысы: Мақтааралдың әкімі «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтарымен кездесті
Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданның студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту, қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын.