Созақ ауданының әкімі ел мерейін асқақтатып жүрген жас таланттарды қабылдады
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ел абыройын асқақтатып жүрген созақтық жас таланттарға құрмет көрсетті. Жас спортшы Дияр Аманәліні, жас өнерпаз Алмас Асылхан және оның жетекшісін арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Аталған азаматтардың бірі – бозкілемде ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанса, бірі – көркем сөзбен көрермен жүрегіне жол тауып жүрген жас өнерпаз.