Super User

Super User

Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарына арналған кеңейтілген жиын өтті

Сауран ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кеңейтілген кездесу-жиналысы өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етті. Кездесуге ауданның ақсақалдары мен ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар, жастар, сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сауран ауданында бес отбасыға тұрғын үйдің кілті табыс етілді

Сауран ауданында әлеуметтік жағынан осал топқа жататын бес отбасыға тұрғын үй кілттерін табыстау рәсімі өтті. Тұрғын үйлер Сауран аудандық әкімдігі тарапынан тұрғындарға пайдалануға берілді. Баспаналардың кілттерін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров салтанатты түрде табыстады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының тұрғындарымен кездесіп, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен негізгі міндеттерге тоқталды.

Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.  Облыс әкімі тұрғындарды спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Осы RSS каналға жазылу