Созақ ауданының әкімі Раң елді мекенінде іске асып жатқан жұмыстардың барысымен танысты
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Раң елді мекеніне жұмыс сапарымен барды. Алдымен 22 шілде күні жауған нөсер жаңбырдан кейінгі жағдайды бақылауына алып, ауыл тұрғындарымен кездесті.