Super User

Super User

Түркістанда «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Тұран – достық бастауы» халықаралық мәдени-рухани ынтымақтастық кездесуі өтті. Іс-шараға Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Садықов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан: «Фараб» кітапханасы тұрғындардың рухани-мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді

Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бес жыл – бес белес» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, республика және өңір кітапханаларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ардагер кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Түркістандағы қолөнершілер орталығында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттайтын көшпелі көрме ашылды

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен көрменің мақсаты - өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, музей қорында сақталған құнды жәдігерлерді жұртшылыққа таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Түркістанда «Баб араб» мешіт-музейі атты жаңа туристік маршрут пайда болды

Түркістан облысында өңірдің тарихи-мәдени және рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған жаңа туристік маршрут – «Баб Араб» мешіт-музейінің ашылуына орай баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, туризм саласының мамандары және сала өкілдері қатысып, жаңа туристік нысанның тарихымен, сәулеттік ерекшеліктерімен және туристік әлеуетімен танысты.

Осы RSS каналға жазылу