Super User

Super User

Сауран ауданында өңдеу өндірісін дамытуға бағытталған жаңа жоба талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «BAUDAN EXPORT» ЖШС өкілдерімен кездесіп, аудан аумағында көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін кептіру және терең өңдеу арқылы эфир майын өндіру жобасын іске асыру мәселесін талқылады.

Сауран ауданы әкімінің жеке қабылдауында тұрғындардың өзекті мәселелері қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, аудан тұрғындарын толғандырған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді тыңдады. Қабылдау барысында жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру саласына жұмысқа орналасу, қызметтік тұрғын үй, ауылдық елді мекендердің жол және жарықтандыру мәселелері, жайылым жерлерді пайдалану, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар мен өтініштер қаралды.

Сауран аудандық емханасына жаңа автокөлік табысталды

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, өңір медицинасының дамуына үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды.

Сауран ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Осы RSS каналға жазылу