Super User

Super User

Сауран ауданы: кеңейтілген мәжілісте өңірді дамытудың өзекті бағыттары қаралды

Сауран ауданы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға аудан әкімдігі мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде аудан мен оған қарасты ауылдық округтердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының барысы, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан және заң талаптарын бұза отырып пайдаланылып отырған жер учаскелерін анықтау мәселелері қаралды.

Сауран ауданы: Еңбекші Дихан елді мекенінде 5G желісі іске қосылды

Сауран ауданына қарасты Еңбекші Диқан ауылында байланыс сапасын жақсарту бағытында кезекті жұмыс жүзеге асырылды. «Kcell» акционерлік қоғамының ресми ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 11 сәуірде ауылдағы базалық станция 5G стандартына дейін жаңғыртылды. Жүргізілген техникалық жұмыстардың нәтижесінде мобильді байланыс сапасы мен интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік жасалды.

Сауран ауданы: Оранғай ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Оранғай ауылдық округінде тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында округ әкімі Берік Қуандық 2026 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Шымкент: МӘМС жүйесіндегі студенттерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға мамандар жауап берді

Әлеуметтік бағдарламаның басты мақсаты — халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және қолжетімділігін арттыру.

Еске сала кетейік, бүгінде Шымкентте жалпы халық саны 1,1 миллионға жуық адамды құрайды. Олардың 85 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Оның ішінде 800 мыңнан астамы жеңілдік санатына кіретін азаматтар. Мемлекет ол тұрғындар үшін сақтандыру жарналарын төлеп, медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 212 мыңнан астады.

Осы RSS каналға жазылу