Ордабасы ауданында мейірім мен ізгілік иелеріне құрмет көрсетілді
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы мол қастерлі мамандықты таңдап, басты байлық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген Мейіргерлер мерекесіне арналған көлемді іс-шара өтті. Мерекелік шараға Ордабасы ауданындағы аурухананың кірпіші қаланғаннан бастап қызмет жасап, абыройлы зейнеткерлікке шыққан ардагер дәрігерлер, аудандық медицина қызметкерлері, жастар және басқа да арнайы қонақтар қатысты.