Super User

Super User

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Сауран ауданында ауыл шаруашылығына ірі инвестиция тартылып, мақта өндірісіне жаңа технология енгізілмек. Шетелдік инвестор «Turkistan Golden Cotton Ageralular technology Co.Ltd» компаниясы жергілікті «ИС Жангир» ЖШС-мен бірлесіп, жер телімдерін ортақ пайдалану туралы келісім жасады.

Сауран ауданы: Үшқайықта балық өсіру шаруашылығы қолға алынуда

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, жаңадан бой көтергелі жатқан өндіріс орындарын аралады. Кәсіп бастаушы азаматтар өз жобаларын таныстырып, аудан экономикасын дамытуға қосатын үлестері туралы баяндады.

Сауран ауданында 5000 бас ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде

Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылдық округінде 20 гектар аумақта ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы бастау алды. Таяуда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Ескі Иқанда мал шаруашылығын дамытуға тың қадамдар жасалуда

Ескі Иқан ауылдық округінде «Мал бордақылау және малшы үйі» құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 20 гектар жер телімі белгіленіп, ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл бастама ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.

Осы RSS каналға жазылу