Отырар: Балтакөлде медицина апталығы өтті

Балтакөл ауылындағы мәдениет үйіне жиналған жұртшылық былтырдан бері ізгі ниетті, игілікті үрдіске айналған керемет шараның куәсі болды. «Туған жерге тағзым» атты акцияның тұрақты кейіпкеріне айналып, әрқашан еті елім деп елжіреп, еміреніп жүретін тау тұлғалы, жомарт жүректі, мәрт мінезді асыл азамат Балтабай Асанов биылда әбден қалыптасып қалған дәстүрінен қалмай ауыл адамдарына тегін медициналық көмек көрсету мақсатында жерлестеріне медицина апталығының өтуіне себепкер болуда.

ШЫМКЕНТТЕ АВТОМАТТЫ ГИПОМЕТРИЯ 22 ШАҚАЛАҚТЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

 

«Samruk-Kazyna Trust» берген гипотермия аппараттары 22 нәрестенің өмірін сақтап қалды.

Оның ішінде Қарағанды облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығында автоматты гипотермия аппаратында ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған 16, Ақтауда 3, Талдықорғанда, Өскеменде және Шымкентте сәбилер аман қалды.

«Көмек сұраған өтінішімізді «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «AYALA» қайырымдылық қорының жауапсыз қалдырмағанына шексіз қуаныштымыз. Жақында орнатылған жабдықтардың арқасында біз ауыр асфиксиямен туған баланың өмірін сақтап қалдық. Бұл осы жабдыққа деген жоғары сұранысқа айқын дәлел. Шымкент қаласының болашақ аналары осы құнды сыйлық үшін демеушінің атына айтылатын алғысымызға қосылатынына сенімдімін», - деп атап өтті Шымкент қаласы перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Дәулет Сатов.

Айтып өтейік, терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Бұл жаңа туған нәрестенің дене температурасын автоматты түрде біртіңдеп төмендетеді және ондаған сағат бойы оны қажетті деңгейде ұстайды. Сонымен қоса, бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, оның бас миын глюкозамен қамтамасыз етуге және сол арқылы орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған жабдық пайда болғанға дейін реанимацияда бар құралдармен механикалық гипотермия қолданылып келген. Дегенмен нәтиже қанағаттанарлықсыз еді. Қажетті температураны 72 сағат бойы тура 34 градус ұстап тұру, содан кейін баланы біртіңдеп жылыту өте қиынға соқты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «AYALA» қайырымдылық қоры демеушілігімен перинаталдық орталықтардың реанимацияларында еңбекті көп қажет ететін бұл үдеріс енді толық автоматтандырылды.

 

 

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ШЫМКЕНТТЕ

Шымкент қаласының жедел-жәрдем станциясы елімізде үздік атанды.

Медициналық ұйым өкілдеріижедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық спартакиадасында біліктіліктерін дәлелдеп, бірінші орынға ие болды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасы екі күнге созылды. Оған барлық өңірден 18 команда қатысып, біліктіліктерімен сынасты.

Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген екі топ та бағ сынады.
Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 -Жүрекке байланысты, жарақатқа байланысты сынықтар осы төрт түрінен өткізіледі. Енді бұның ішінде фельдшерлер, дәрігерлер өздерінің біліктілігін арттырады. Араларындағы жарыс арқылы жедел жәрдемді уақытылы көрсетуді, сапалы көрсетуді шыңдайды.
Командалар манекендер мен стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, шынайы жағдайға барынша жақын клиникалық станциялардан өтіп, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсетуде, босануды қабылдауда, суға батқан кезде зардап шегушіні құтқаруда, балалар реанимациясын жүргізуде және жіті коронарлық синдромы бар ер адамды қиын жағдайдан шығаруда өз шеберліктерін көрсетті.

Бүкіл кезеңдер медицина саласындағы танымал мамандардан тұратын құзыретті қазылар алқасының жіті назарында және бағалауында болды.

Спартакиада қорытындысы бойынша 159,5 балл жинаған Шымкент қаласының командасы үздік бригада болып танылды.

Екінші орынды елордалық – Астана қаласының командасы (159 балл) иеленді. Жүлделі үшінші орынды – 143 балл жинаған Абай облысының қомандасы қанжығасына байлады.

 

ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

 

Қазақстанның әр өңірінен келген медицина қызметкерлері үшінші мегаполистегі жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы сall-орталығының жұмысымен танысты.

Айтулы шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Италиядан келген сарапшылар қатысып, қала тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсететін 103 қызметін жоғары бағалады.

Халықаралық стандарттарға сай жаңартылған 103 орталығы – еліміздегі үздік мекемелердің бірі. 103 қызметіне түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады.

Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Ең бастысы, шақыртуға баратын жедел жәрдем көліктерінің барлығы қажет жабдықтармен толық қамтылған.

– Шымкент қаласының медицинасын дамытуда бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Қаладағы жедел жәрдем қызметін үйлестіру жақсы жолға қойылған деп айта аламын. Мұндағы симулициялық орталықта халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерін тегін толықтай меңгеріп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бар. Бұл оқыту орталығының ерекшелігі – тек медицина мамандары ғана емес, түрлі апатты жағдайдағы шақыртуға баратын төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер, ұстаздар және басқа сала мамандары шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша үйрене алады. Орталықтағы жаттықтырушылар АҚШ кардиологиялық қауымдастығындағы білікті мамандардан тәжірибе жинақтап келген, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Өзге өңірден келген медицина мамандары үшінші мегаполистегі жедел жәрдем орталығындағы симулиялық орталықтың толықтай мүмкіндігімен танысып шықты. Сондай-ақ, оқыту орталығындағы жаттықтырушыларға сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Басқа аймақтан келген ақ халаттылардың айтуынша, Шымкенттегі 103 қызметінің жұмыс жүйесі жоғары дәрежеде үйлестірілген, өзге өңірлер үшін тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік.

«Ақмола облысынан келдік. Шымкенттегі жедел жәрдем көрсету станциясындағы жұмыстарды көріп, жоғары баға бергім келеді. Орталықтықтың медициналық жабдықпен қамтылуы, мамандардың біліктілігі мықты» —дейді Ақмола облысының жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Александр Высоцкий.

“Біз арнайы Германиядан келдік. Шымкенттегі сall-орталықтың заманауи үлгіде екенін көрдік. Ең бастысы мұнда техникалық жабдықтармен, цифрлық жүйенің жақсы дамығанын байқадым. Мамандардың жұмыс істеу тәжірибесі жоғары деңгейде”-дейді Германия қаласындағы “Medical holding” компаниясының директоры Антонио Гиарделла.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінен келген жедел жәрдем қызметкерлері Шымкент маңындағы республикалық конкурсқа қатысуға келді. Байқау алдында Шымкенттегі әріптестерінің жұмысымен танысты.

 

ШЫМКЕНТ: 15-ШІ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЕМХАНАҒА ЕРІКТІ ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айлүл Бекбауова мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

«Елімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімен бекітілген қағидаға сәйкес, 2022 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша күндері аралығында 2023 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсететін ұйымдарына ерікті тіркелу науқаны жүргізіледі» - деді спикер.

Емханаға бекіту екі әдіспен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс, бұл барлық азаматарға арналған. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz. сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Өрістерді толтыру арқылы медициналық ұйымға өтініш беру керек. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде бекітілгені туралы хабарлама беріледі.

Екінші әдіс, бұл, халықтың жекелеген санаттарына арналған. Емханаға тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінім ресімдеу арқылы бекітіледі.

Өтінішті мынадай санаттағы азаматтар бере алады:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) қамқоршылартағайындалғанзаңбойыншабалакезіненмүгедектер (осысанаттағыжекетұлғалар, кәмелеткетолғандарболуымүмкін), сондай-аққорғаншыларнемесеқамқоршылар, патронаттықтәрбиешілержәнебасқадаолардыалмастыратынадамдарҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесбалағақамқорлықжасауды, білім, тәрбиеберуді, баланыңқұқықтарыменмүдделерінқорғаудыжүзегеасыратынбасқадазаңдыөкілдері);

4) колониялардаөтеушісотталғандар (өтеуорныбойынша);

5) студенттер, сондай-ақмедреседеоқитынстуденттер;

6) мерзімдіқызметәскериқызметшілері;

7) шетмемлекеттердетуғанбалалар;

сәбилер, жетімдер, қарттарүйлеріжәнет. б.;

9) сенімхатбойыншабекітудірәсімдейтіндер.

ҚазақстандажылсайыносыуақыттаМСАКмедициналықұйымдарынахалықтыеркінтіркеунауқаныжүргізіледі. Медициналықкөмеккеқолжеткізбейқалмауүшінтіркелудіңмәртебесінтікелейтұрғылықтыжерібойыншаемханаданемесеэлектрондықүкіметвеб-порталындаЭЦҚарқылытексеруұсынылады.

Тіркеунемесеқайтабекітукезіндеемхананытұрғылықтыжерінежақынжердентаңдауұсынылады, қажетболғанжағдайдаучаскелікдәрігернауқасқаүйгебараалады.

НауқанкезіндеМСАКұйымынабекітілеотырып, азаматтармедициналықкөмекті 2023 жылдың 1 қаңтарынанбастапалабастайды. Яғни, осыжылдың 31 желтоқсанынадейіназаматтарғабұрынтіркелгенемханадақызметкөрсетіледі.

Соныменқатар, елдіңаумағындауақытшаболатыннемесебаспанаіздепжүргеназаматтығыжоқшетелдікадамдардыемханағабекітуеріктімедициналықсақтандыру (ЕМС) шартыныңнегізіндежәнеоныңқолданылумерзімінеғанажүзегеасырылады. Осыданкейінолармедициналықұйымнанавтоматтытүрдешығарылады.

ЕуразиялықЭкономикалықОдаққа (Әріқарай - ЕАЭОмүшемемлекеттерденкелгенеңбекмигранттарыныңміндеттітүрдеМСАКқызметтерінееріктімедициналықсақтандыруыболуықажет.

ТіркеунауқаныДенсаулықсақтаусубъектілерініңдерекқорындатіркелгенжәнеТМКККжәнеМӘМСбойыншамедициналыққызметтеркөрсетугеүміткермедициналықұйымдарарасындағанажүргізіледі.

Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында "Емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болады. ҚР аумағына уақытша келген шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде қазақстандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттер атқаратындығын (ҚР "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағы) атап өту маңызды,– деді медициналық сақтандыру қорының жеткешісі С.Құралбек.

 

ШАҺАР БАСШЫСЫ КОРОНАВИРУСКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы QAZ VAC екпесінің төртінші құрамдас бөлігін №3 қалалық емханасында салдырды.

Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болды. Қазір жағдайы жақсы.

Ревакцинация вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы.

Айта кетейік, Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 1215 адам аурудан айыққан. Соңғы тәулікте 18 адамнан қауіпті ауру белгілері анықталды. Бүгінде 32 адам стационарда, 697 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

Вакцинаның

1-ші компонентін - 619 672,

2 -ші компонентін - 608 458,

3 -ші компонентін - 361 151,

4 - компонентін – 21910 адам салдырған.

Коронавирус – адам ағзасына жұғып, асқыну қаупін тудыратын, ауа арқылы тез тарайтын вирусты ауру. Бұл вирус 65 жастан асқан адамдарға, 5 жастағы балаларға, жүкті әйелдерге, иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуы ықтимал. Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмониямен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда вирус өлімге әкеледі.

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болған, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен дәрігерлер мынадай симп­томдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді: дене қызуының көтерілуі, жоғары температура, құрғақ қатты жөтел, бастың ауруы, кеуде тұсының ауруы, ентікпе және тыныс алуының бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, пневмония, безгек, мұрынның бітуі, фарингит, диарея. Осындай симптомды байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, медициналық мекемеге хабар беріңіз.

Вакцина-заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация – бұл пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Ревакцинация — вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы. Вакцинация алыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕ

Бұл туралы Шымкент қалалық денсалулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр қаладағы Жүрек орталығы, емхана мен перзентханадағы медициналық қызмет сапасын бақылап, медицина қызметкерлерімен сұхбаттасты.

Жүрек орталығында болған А.Ғиният кардиохирургия бөлімшесін аралап, емдеу мекемесінің ота жасайтын мүмкіндіктерін көріп шықты. 158 төсекке есептелген қалалық жүрек орталығы алғашқы медициналық көмек нысандарының бірі. Орталық стационарлық түрде мамандандырылған, жоғары технологиялық кардиологиялық, кардиохирургиялық, аритмологиялық, эндоваскулярлық медициналық көмек көрсетіледі.Жыл басынан бері мұнда 3 мыңға жуық науқас емделіп, ашық жүрекке 306 операция жасалды.

Мұнан кейін Денсаулық сақтау министрі қалалық №4 емхананы аралады. Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымда 39970 халық тіркелген.

Сондай-ақ  Ажар Ғиният қалалық перзентханы аралап, ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет барысымен танысты.  Қалалық перзентханада жыл сайын 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалып отыр. Қазіргі таңда аталған мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде. Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған-ды. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы демографиялық өсу көрсеткіші бойынша республикада алда келеді. Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент мегаполистер арасында көш бастап тұр.

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ӘЗІРГЕ ТҰРАҚТЫ

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңда Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Қошқарұлы  мәлімдеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызының қатысуымен өткен брифингте қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан вакцинация, ревакцинация жұмыстары да айтылды.

– Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 7 744  науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны 6 991. Ал соңғы 10 күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 686 жағдайы (31 стационарлық ем қабылдауда, 655 амбулаторлық бақылауда) тіркелді. Соңғы тәуілікте 66 жағдай (51 симптоммен, 15 симптомсыз), - деді Әбдіманап Төлебаев.

Спикердің сөзінше, вакцинация бойынша қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2-ші компонентпен 607 859 азаматқа егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 105%, 2-компонентпен 101% вакцинацияланды.

Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасымен бүгінге 354 719 адам (59%) ревакцинацияланды (жоспар 596 205), төртінші дозасымен 15 032 адам (94%) қайта ревакцинацияланды (жоспар 15 928).

Сонымен қатар, бастапқы медициналық көмек бойынша 43 емханада 76 мобилді бригада жасақталған және 137 мобилді бригада резервте.

Соңғы тәулікте 101 науқасқа үйде медициналық көмек көрсетіліп, 1376-ы науқасқа қонырау соғылды. Олар: КВИ, ОРВИ, пневмониямен ауратын және коронавирустық инфекцияны жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтар.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханада 100 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 31 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 31% құрайды, 69 төсек орын бос. Жансақтау бөлімінде 15 төсек орын бар. Қазіргі таңда 3 науқас ем қабылдауда, 12 төсек орын бос.