Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді

Бұл – бүгінгі дерек. Назар аударарлығы, ол науқастардың барлығы – індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар. Барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған екен. 

Шымкенттік дәрігерлер бұрама шеге жұтып қойған балаға көмек көрсетті

Дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. «Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді» - дейді дәрігерлер. 

Шымкент: Төтенше жағдайға жауаптылардың өзі дезинфекциялық дәліз орнатты

Қауіпсіздік өзімізден басталады. Осыны ұстанған Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелеріне өздері дезинфекциялық дәліз орнатқан. Жеке құрам арнайы тапсырмадан келгеннен кейін міндетті түрде тепловизорлық тексерістен, сосын дезинфекциялық тазалаудан өтеді. 

Түркістан: Пандемиямен күресу шаралары Мақтааралда мықтап қолға алынған

Бүкіл әлемге қауіп төндірген пандемиямен күресу шаралары Мақтаарал ауданында мықтап қолға алынған. Бұған дейін ауданда 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, ол азаматтармен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар шұғыл түрде карантинге жабылған еді.

Түркістан: «Абзал жандарға алғыс» челленджі бастау алды

Коронавируспен күресте дәрігерлер қауымының еңбегі ерен. Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындары күн-түн демей халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдіру мақсатында «Абзал жандарға алғыс» челленджін бастады.

Шымкентте екі күнде 7 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус жұқтыруға қатысты 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде 4 жағдай тіркелді. Бұл науқастардың барлығы – вирус анықталған 48 жастағы әйел азамат пен 26 жастағы ер азаматтың тығыз байланыста болғандар.