Түркістан: Індет тараған ошақтар анықталды

Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген. Түркістан облысы Жетісай ауданының 1971 ж. тұрғыны 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Ол 28 адаммен жақын байланыста болып, вирус таратқан.

Шымкент: карантин жарияланған аумақтарда медицина мамандары тәулік бойы қызметте

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған 8-мөлтек ауданда №13 емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте. Мұндағы санитарлық бекетте емхана мамандары медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетуге дайын.

Түркістан: Сайрам дәріханаларында санитарлық талаптар сақталған

Түркістан облысы Сайрам аудан әкімі Уласбек Садибеков орталықтағы "Сайрам" базары мен "Әділ" сауда үйін аралады. Ондағы мақсат - сауда-саттық барысында санитарлық талаптардың сақталуы мен азық-түлік бағаларының шектік бағадан аспауына көз жеткізу.

Шымкентте 5 сәуір күні коронавирус жұқтырудың тағы 1 жағдайы тіркелді

Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны, 24 жастағы азамат, Жетісай қаласында тіркелген науқаспен 23 наурызда Петропавл-Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан, 2 сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған.