Түркістан: Мақтааралдық кәсіпкер ауруханаға тыныс алу аппаратын алып берді

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Бүгін жергілікті кәсіпкер, "Астана Строй-Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық "Мырзакент" ауруханасына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді.

Түркістан: 1973 медицина қызметкері қосымша ақы алды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы операторы. Жақында Үкімет тарапынан Covid-19 короновирусымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берілген болатын. Осыған орай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевпен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді.

Түркістан: Арыс қаласында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Арыс қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қала көшелерін залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Бүгін дезинфекция мамандары карантинге оқшауланған «Наурыз» тұрғын ауданында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.