Түркістанда өңеш қан тамырларына алғаш рет операцияның жаңа түрі жасалды

Түркістан қалалық ауруханасында өңеш қан тамырларына алғаш рет операцияның жаңа түрі жасалды. Білікті дәрігерлер екі күн бойы осындай операцияны 6 науқасқа жасап, өңештегі қан тамырларының жарылуынан қан кету процесінің алдын алған.

Түркістан: Өңірдегі медициналық ұйым өкілдері ана мен бала өлімін төмендету тақырыбын талқылады

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Нарымбетованың қатысуымен өңірдегі медициналық ұйымдардың ана мен баланы қорғау жөніндегі бас дәрігерлері мен емхана дәрігерлері және медбикелер арасында нәрестелер мен балалар өлімін төмендету бойынша жұмыс жоспарлары талқыланды.

Түркістандықтар МӘМС аясында тегін ем қабылдап жатыр

  Түркістан облысына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов арнайы іс-сапармен келіп, Сарыағаш ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады. Елді мекендердегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысымен танысты.

Түркістан: жастарға АИТВ-ның алдын алу жайы түсіндірілді

Статисткаға сүйенсек Түркістан облысында ағзадағы имун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны 532 адамды құрайды екен. Бұл тек ресми тіркеуге тұрып дәрігер бақылауына алынған адамдар туралы мәлімет. Шын мәніндегі көрсеткіш бұдан әлде қайда көп болуы мүмкін, дейді мамандар. Осыған алаңдаған қызметкерлер жастармен кездесіп қауіпті дерттің алдын алу жайын түсіндірді.

Түркістан: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов іссапармен келді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысы, Кентау қаласының орталық ауруханасының жұмысымен танысты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 35 жыл тарихы бар Кентау орталық ауруханасына барды.

Түркістан: «Денсаулық» пойызы 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсеткен

«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан облысының 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар созылмалы ауруларды анықтады. Консультациялық-диагностикалық пойыз мамандары Қазақстанның әр аймағында спецификалық проблемалы аймақтарды анықтап жатыр. Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары арасында жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, остеохондроз,жарақаттан кейінгі энцефалопатиялар сияқты аурулар жиі кездесіп, сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған емделушілердің үлкен пайызы байқалған.