Сәрсенбі, 14 Маусым 2023 19:42

ШЫМКЕНТТЕГІ 245 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛДАР ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы оң кейстер бойынша жұмыстар атқаруда.

Атап айтқанда:

- Әкімшілік Кодекстің 266-бабы бойынша кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тоқтатылып, 245 шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қозғау және айыппұлдар салу тоқтатылды.

- 330 шаруа қожалығына суармалы су беруге көмек көрсетілді;

- ART SPORT бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру мәселесін шешуге көмек көрсетілді;

- автотұрақтар (паркингтер)орналасқан жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін қайта қарау;

- «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын салықтық әкімшілендіру мәселесі бағамдық айырмаға салық салуға қатысты оң шешімін тапты;

- шетел азаматтарының қатысуымен құрылған компаниялар С5 бизнес визасын алмағаны үшін салық органдарымен кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеуін жою туралы шаралар басталған болатын, бұл мәселе бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда.

Сонымен қатар, 2022 жылы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 40 жобасы қаралды, 7 сараптамалық қорытынды ескертулермен, 33 ескертусіз берілді.

2022 жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізілді, онда бизнестің 25 жүйелі мәселесі қаралды, оның 90 пайызы бизнестің пайдасына оң шешілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау - Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі. 2022 жылы кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер келіп түсті, оның ішінде оң шешімін тапқан 63,8% құрайды, 85 127 633 теңге сомасына құқықтар қорғалды.

Оқылды 424 рет