Сейсенбі, 01 Тамыз 2023 19:53

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 215 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Алты айдың қорытындысы бойынша қалаға тартылған инвестиция көлемі 223,6 млрд тегені құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға ұлғаяды. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 498,3 млрд теңгеге жеткен.

– Шаһарда азаматтарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Есепті кезеңде 128,6 мың шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істесе, онда жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адам. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 18,8 пайызға өскен. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 19,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 13,9 млрд теңгеге 3 516 жобаға қолдау көрсетілді, – деді басқарма басшысы.

«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде биыл 1,4 млрд теңге қаржы бөлінген.  Бүгінде ерекше креативті бизнес идеясы немесе аяқтан тұруды қажет ететін кәсібі бар бастамашыл 215 жобаға 516,3 млн теңгеге қолдау көрсетілді. Оның ішінде шағын несиелендіру бойынша 497,8 млн. теңгеге 204 жоба, жалдау ақысын өтеу бойынша 18,5 млн теңгеге 11 жоба мақұлданды.

 Айта кетсек, "Іскер қала" өңірлік бағдарламасының ерекшелігі жас және әйел кәсіпкерлер үшін жылдық 1%-бен 10 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Сонымен қатар, өнеркәсіптік парктерді дамыту мақсатында кәсіпкерлерге тоқтап тұрған өндірістік кәсіпорындардан өнеркәсіптік алаңдар беріледі. Өнеркәсіптік парк аумағында өз жобасын іске асыру үшін 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер алуға болады.

 

 

Оқылды 648 рет