Бүгінде Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетов, С.Өтебеков көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.2023 жылға республикалық бюджет есебінен ауыл – Ел бесігі бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесімен қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 305,4 шақырым, яғни, 72%-ды құрайды деп күтілуде.
«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы 2019 жылы өз жұмысын бастағаны белгілі. Мемлекеттен қосымша қаржы бөлу арқасында ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жоспарлануда. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілерді салу, жұмыс орындарын құру-осының барлығы осы бағдарламаны іске асыруды көздейді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады.
Жобаны іске асыру тетіктеріне келер болсақ, Жалпы,еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады. Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілері тым тозған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.
2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, «Ауыл – ел бесігі» жобасыніске асыру тетіктері келесі шараларды қамтуда. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылуда. Екіншіден, әрбір жоба және елді мекен бойынша көзделген мақсатқа жету жөніндегі, өңірлік стандарттарға сай келетін Жол картасын жасалған. Үшінші кезекте, Жобаларды іске асыру және бақылау мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп келеді.
Жобаны тиімді іске асыру үшін Жобалық кеңсе, сондай-ақ облыстарда өңірлік кеңселер құрылған. Жобаны үйлестіруді және әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар, Парламент және мәслихат депутаттарының, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Жобаға қоғамдық мониторинг ұйымдастырылған.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау әдістемесі өзектендіріліп, оның аясында 6,6 млн адам немесе ауыл тұрғындарының 85%-ытұратын 3 477 ауылдық елді мекен іріктеп алынған. «Ауыл– ел бесігі» жобасы шеңберінде әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздері анықталған. Ауылдарды дамытудың 2027 жылға дейінгі кестесі жасалып, ауыл экономикасын Дамыту картасы әзірленген. Ірі елді мекендерге айрықша назар аударылып, тұрғындарының саны көп аудан орталықтарындағы қордаланған өзекті инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге басымдық берілуде. 1 аудан орталығын қаржыландырудың көлемі орта есеппеналғанда 670 млн теңгеге жуық. Өңірлердегі әкімдіктерге жобаларды кемінде 30%-ға қоса қаржыландыру ұсынылды.
Жалпы, аталмыш жоба шеңберінде еліміздегі ауылдық елді мекендерде 73 мектеп пен балабақша,14 емхана, 47 мәдениет үйі мен спорт нысандары жөнделеді. 13 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 13 абаттандыру нысанының құрылысы басталады. 7мың шақырымнан астам кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі. Бұдан басқа, 516 шақырым жол, 35 шақырым сумен жабдықтау желісі, 229 шақырым электрмен жабдықтау (жарықтандыру), 136 шақырымгазбен жабдықтау, 20 шақырым жылумен қамтамасыз ету нысандары жөнделіп,салынады. Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылады, әлеуметтік нысандардыжаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жүргізіліп жатқанинфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары ауыл экономикасын дамытуға соны серпінберетін болады.
2027 жылға дейін болжам бойынша ауылдарда 7 млн-ға жуық адам тұратын болады. Бұл мақсаттарға қосымша 900 млрд теңге қаража тқажет. Яғни, «Ауыл — ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 жыл ішінде 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларды іске асыру жалғастырылады. Бұл бағдарламалар етті және сүтті мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, қарқынды бақ шаруашылығын, суармалы жерлерді ұлғайтуды және т.б.қамтиды.
Салалық бағдарламалардың қатысушылары үшін қолдаудың жеке шарттары ұсынылады: мал басын сатып алуға, техника және жабдықтар сатып алуғафермерлік шаруашылықтарға жеңілдетілген несиелер беру, жайылым инфрақұрылымын құру. Атап айтқанда, етті мал шаруашылығы бағдарламасы шеңберінде малды және қажетті азық дайындайтын техниканы сатып алу 4% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға берілетін жеңілдетілген несие есебінен қолжетімді болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша іріктеліп алынған ауылдық елдімекендердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер салалық бағдарламаларды іске асырылуына белсене қатыса алады.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту ауылдағы тұрмыс сапасын жақсарту мен жұмыс орындарын құруды көздейтін басқа да бағдарламалық құжаттар аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, барлық бағдарламалар бойынша, соның ішінде, жерігілікті инфрақұрылымды, автожол желісін дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы да басқа бағдарламаларбойынша 2 трлн теңге қарастырылған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»