Сенбі, 30 Қыркүйек 2023 13:17

ШЫМКЕНТТЕ КІШІ КӘСІПКЕРЛІК СУБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҰСЫНЫС ХАТ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентентінің Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін кіші кәсіпкерлік субьектілеріне тексеру жүргізу шектелген болатын. Сондықтан, біз бұл салаға қазіргі күнде бақылаудың тек профилактикалық, яғни бармай бақылау және қадағалау жүргізу түрі ғана қолданудамыз.

Жыл басынан бері бұл салаға 200 бақылау жүргізілді. Бұл бақылау жүргізудің мағынасы өте жеңіл және, ең бастысы бақылау субьектісіне ешқандай ауыртпалық түсірмейтін бақылау түрі. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерге, оның қызметінде орын алған заңбұзушылықты өз еркімен жою жөнінде Ұсыныс (хабарлама) ғана беріледі және аталған заңбұзушылықты жойылғандағы туралы 10 күннен соң бақылаушы мемлекеттік органға оның нәтижесі бойынша мәлімет беру ғана көзделген.

Ал, ондай айыптаумен келіспейтін жағдайда, бақылау субьектісі 5 күннің ішінде, қарсылық жазуға да құқылы. Енді, бұл бақылаудың екінші, проблемалық жағы – егер бақылау субьектісі мемлекеттік органның Ұсынысына (хабарламасына) құлақ аспаса, оған ешқандай жауапкершілік те қарастарылмаған.

Тілге тиек етейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 2 сәйкестікті растау органы («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ – тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, химиялық, парфюмериялық, гигиеналық өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, зергерлік бұйымдар, «Туран Бизнес Групп» ЖШС – тамақ өнімдері, ауылшарушылық тамақ өнімдері, 81 сынақ зертханасы, 17 салыстырып тексеру зертханасы, 3 калибрлеу зертханасы, 4 медициналық зертхана жұмысын атқаруда.

Яғни, жалпы саны 107-ні құрайтын бұл мекемелер, барлығы мемлекеттік емес, аккредиттелген органдар тізіміне енеді және ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығынан тиісті аттестат алған ұйымдар болып табылады.

Сәйкестікті растау бойынша аккредиттеу саласы бойынша заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер негізінде 6 бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бақылау субъектілерінің 4-еуінен заңбұзушылықтар анықталып, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, 1 бақылау субъектісіне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 415-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Зертхананың аккредиттеу аттестаты мен салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 90 АЕК айыппұл салу туралы Қаулы қабылданып, қазіргі уақытта іс соттың қарауына өтті.

 

Оқылды 372 рет