Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2023 17:48

Сауран ауданында өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Сауран ауданыныңқұрылғанына екі жылдан енді асқаны белгілі. Сол аз ғана уақыттың ішінде аудан әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Бірақ, біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерде жоқ емес. Көнені қайта жаңғырту, тұрғындар талабын орындау, ауылдарды көркейту – аудан басшылығының басты назарында.

2023 жылдың 8 айының қорытындысы және жыл соңына дейін атқарылатын  жұмыстары туралы айтар болсақ, 2023 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 8 млрд. 999,0 млн. теңгені құраған, оның ішінде жергілікті кірістер жоспары 2 млрд. 390,4 млн.теңге көлемінде бекітілген. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 2023 жылдың 9 айының қорытындысымен 1 млрд. 777,9 млн. теңгені құрап, жоспар 116,5%-ға немесе 251,3 млн. теңгеге артығымен орындалып отыр. Бюджеттің шығыстар бөлігінде есепті кезеңге (9 айға) жоспарланған 5 млрд. 805,3 млн. теңге 99,5 пайызға игерілді.

Жалпы өңірлік өнім көлеміне келер болсақ, 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында 27,5 млрд. теңге). Оның ішінде салалар бойынша атап өтсек:

Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады (2021 жылдың 8 айында 21,0 млрд. теңге), нақты көлем индексі 99,3%. Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында 4,4 млрд. теңге). Нақты көлем индексі 107,3%.

Құрылыс жұмыстары 1,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында 1,5 млрд. теңге). Өткізілген тауарлар көлемі 737,1 млн. теңгені құрады, өсім 103,1%. (2021 жылдың 8 айында 570,0 млн. теңге).

Аудан орталығы Шорнақ ауылын көркейту бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Атап өтсек, Қосмезгіл елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленуде. Мердігер мекеме - «ДИАС-проект» ЖШС мен келісім-шарт жасалған. Сараптаманың оң қорытындысын алу қыркүйек айының соңына дейін жоспарлануда. Бұдан бөлек, Шорнақ елді мекені бойынша сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 2-кезеңі бойынша ЖСҚ әзірленуде. Мердігер мекеме - «ДИАС-проект» ЖШС келісім-шарт жасылып отыр.

Ал, электр қуаты бойынша Қосмезгіл және Шорнақ елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленген. Сонымен қатар, Шорнақ елді мекенінің ішкі көшелеріне трансформатор орнату жұмыстарына қаржы қаралған. Мердігер мекеме – «Тан Срой Сервис» ЖШС келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аудан орталығын абаттандыру бойынша «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы бойын абаттандыру (3-4-5-6 кезең) Мердігер мекеме – «SIS Строй» мен «Ерасыл Құрылыс 2013» ЖШС келісім-шарт жасалған. Алдағы уақытта Шорнақ елді мекеніне 50 дана қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме – «Шымкент Гранд Строй» ЖШС. Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскер орталығы аумағына саябақ құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Қосмезгіл елді мекенінің Кентоғай, Ш.Уалиханов көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

Жол саласы бойынша Аша елді мекеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС-гі ЖСҚ әзірленуде. Жалпы, Шорнақ ауылдық округі бойынша тас төсеу жұмыстары жүргізілді (Ш.Уалиханов, Утенов, Қонаев, Абдуалиева, Шаяхметов тұйығы, Найманбаев, Аша, М.Жұмабаев, С.Шамиев көшелеріне). Бұдан бөлек, 4-дана жасанды жол кедергісімен 20-дана жол белгілері орнатылған.

Әкімшілік ғимараты бүгінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Шорнақ елді мекенінде төрт автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы, «200 орындық аудандық орталық аурухана» салынуда. Осы екі құрылыс нысаны бойынша Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайындалған. Ал, төмендегі нысандарға тапсырыс беруші аудандық құрылыс және сәулет бөлімі болып табылады. «500 орындық мәдениет үйі» құрылысы бойынша Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайын.

Ауыл округтерінде де ілкімді шаруалар атқарылуда. Мәселен, Бабайқорған ауыл округі Абай елді мекенінде тозығы жеткен су тарату орталығына күрделі жөндеу жұмыстарына меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Бабайқорған елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Келісім шарт құны – 7,3 млн теңге. Абай, Серт, Игілік елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Бабайқорған ауыл округіне 6-дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Тан Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,7 млн теңге. Қыркүйек айының соңына дейін орнатылады деп күтілуде.

Үлгілі елді мекендегі Б.Майлина көшесін 1,4 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Сарбаз Қуат» ЖШС. Келісім шарт құны – 20,3 млн теңге. Көксарай көпірін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Айжамал» ИП. Келісім шарт құны – 6,8 млн теңге. Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар көпірін орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба құны – 6,0 млн теңге. Бабайқорған ауыл округіне 17 дана жол белгілері орнатылды.

Бабайқорған елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «TBB-Construction» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,1 млн теңге.Бабайқорған ауыл округі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «SIS Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 7,0 млн теңге.

Халықпен кездесуінде аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев: «Есепті кездесу ортақ мәселені шешу үшін керек. Президент тапсырмасына сәйкес біз алдымен ауылдарды көркейтуіміз керек.Үкіметтің немесе аудандық, облыстық, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы арқылы жүзеге асырылатын межелі істерде ешқандай да жемқорлық болмайды. Оны арнайы комиссия тексеріп, мердігерлердің де жұмыс сапасы үнемі қадағалауда» - деді.  

 Жалпы, ауылдардағы инфрақұрылымның жағдайы, ауызсу, жол, шағын қалалардағы көшелердің мәселесі, денсаулық сақтау нысандарының жетіспеушілігі, апаттық жағдайдағы мектептер мәселелері әлі де болса бар. Өңірлерде несие беру мәселесі де тиісті деңгейде шешімін таппаған. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарды қолдау жетіспейтіні жасырын емес. Көптеген азаматтар өз ісін ашу жолында қыруар құжат жинап, бірқатар кедергілерге кездеседі. Ал кепілдік мәселесін шешу тіпті қиын. Дегенмен, мемлекет өңірлерге әрдайым көңіл бөліп келеді. Әлеуметтік салаға, мектептер, аурухана, жол салуға, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес қаржы бөліп отыр. Бұл жұмыстарды жалғастыру, әсіресе шағын және орта бизнес бойынша ауылдағы азаматтардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау – уақыт талабы.

ҚР Үкіметінің өңірлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында алдағы 5 жылда үш жарым мыңға жуық ауылды жаңғырту жоспарланыпты. Бірінші кезекте әлеуметтік инфрақұрылымға мән берілмек. Яғни сапалы ауызсу, жарық, жылу, жол желілері, мектептер, ауруханалар салынады. Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына 1,3 трлн теңге бөлінген. Қыруар қаржы! Соның басым бөлігі, яғни 900 млрд теңгесі ауылдағы ағайынды жарылқауға жұмсалмақ. Осы орайда таяу 7 жылда негізгі басымдықты «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға салу көзделген. Бұл шамамен 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсартатын болады. Бұл шамамен ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды.

Сауран ауданы әкімдігі жергілікті халықты ауыз сумен және егістікті табиғи су жүйелерімен қамту жұмысына жан-жақты талдау жүргізіп, кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Ақтөбе су қоймасынан егіске баратын Тасарық құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталды. Сонымен қатар Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасы құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталған.

Бүгінгі таңда 31 елді мекеннің ауыз су тарату орталықтарындағы тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру көздеріне қарай кезең–кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда, төрт ауылдық округтегі он бір елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге өткен жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде.

Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы әкімдігі тарапынан екі ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Олар Оранғай ауылдық округіндегі Бостандық және Қосқарған елді мекендері, Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан елді мекенін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысының жобалары.

Бүгінде Сауран ауданында мал басы өскен сайын жайылымдық жерлерді заңды иесіне қайтару мәселесі бас ауыртатын аса өзекті мәселенің біріне айналды. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Сауран ауданы бойынша 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 51,25 мың гектар жер телімін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауылдық округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде.

Сонымен қатар, 78,4 мың гектар жерді меморандум арқылы беру жоспарланып, жалпы 31,8 мың гектар жер теліміне келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. Сонымен қоса кәсіпкерлік жер учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу Gosreestr.kz электронды сауда айналымы жүйесі арқылы талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 жер аукцион арқылы беріліп, жалпы соммасы 12 158 935 теңге бюджет есебіне түскен. Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер бойынша 27,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы жер қорына алу туралы қаулысы қабылданып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сауран ауданы бойынша алдағы уақытта бос алаңшаларды дайындап, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен 380 млн теңге қаражат бөлінген жағдайда инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері жүргізілгеннен соң тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері Сауран ауданы бойынша кезекте тұрған 23824 азаматтарға заң аясында табысталатын болады.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиеленді-ру бойынша 2022 жылы «Ауыл шаруашы-лығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.теңге АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 млн. теңге несие алған.

Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы кәсіпкерлердің жиһаз жасауға құлшынысын арттырды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 млн теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.

Былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 млн теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.

Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млрд.теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 млн.теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 «2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, 2022 жылы 7086 адам әлеуметтік шаралармен қамтылып, көрсеткіш 169,3% орындалды. Әлеуметтік шаралармен қам-тылған жастар 1924 адам, аз қамтамасыз етілгендерден 396 адам, әйелдер саны – 2694 адам, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардан 234 адам қатыстырылды. Сауран ауданының екінші тынысы ашылғалы бері мыңдаған жаңа кәсіпорындар ашылып, бейнеткеш қауымының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жылдам көтеріліп келеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 262 рет