Сәрсенбі, 18 Қазан 2023 12:37

Түркістан облысы: Жетісайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірнеше зауыт салынып жатыр

Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» ЖШС зауытына барды. Өндіріс орны 10 жылдан астам уақыттан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауыт құрылтайшысы 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күніне 30-35 мың дана қыш өндіріледі. Кәсіпкер Нұрдулла Қалисаевтың айтуынша, бір қыштың бағасы 45-50 теңге.

Мұнан соң журналистер қауымы Ынтымақ ауылдық округіндегі АГТС құрылысымен танысты. Қазіргі таңда аудандағы 112 елді мекеннің 56-сы газбен қамтылған. Бүгінде ауданда екі бірдей АГТС іске қосылуға дайын тұр. Газ тарату станциялары іске қосылса, аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылмақ.

Сонымен қатар, журналистер Жетісай қаласындағы орталық саябақты жаңарту жұмыстарының құрылысымен танысты. Онда дене шынықтыру кешенінің құрылысы да жүргізіліп жатыр. Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биылғы жылдың соңына дейін ел игілігіне тапсырылмақ. Жұмыстар аяқталған кезде жалпы ауданы 17,14 гектар арнайы демалыс аймағы іске қосылады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, бассейндер мен субұрқақтары қолданысқа беріледі.

Ауданның негізгі табысы агросекторға байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Аудан шаруаларының табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де кезек күттірмейтін, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалды.

Биылғы жылы азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы,  Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгеге аяқкиім өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының климаты ауылшаруашылығына және мал шаруашылығына өте қолайлы. Айта өту керек биыл шетелге экспорттау жұмыстары ең алғаш Жетісайдан бастау алған болатын. Сонымен қатар аудан әкімдерінің баспасөз өкілдерімен атқарылған жұмыстары туралы есеп беру кездесулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі демократияландырудың бір дәлелі. Өйткені халықтың билікке деген сенімі арта түседі. Алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды бағамдау үшін аса қажетті мұндай бас қосулар мен ашық әңгіме әкімшілік өкілдері мен баспасөз өкілдерінің арасын жақындастырып, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге жол ашатыны анық.

Аудандағы 105 елді мекеннің 1 елді мекенде ауыз су құбыры тартылмаған, 104 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған, оның 74 елді мекенінде 24 сағат, 30 елді мекенге ауыз су кестемен берілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылға облыстық бюджеттен 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округіндегі 4 елді мекенінде,  Ж.Ералиев ауылдық округінде 1 елді мекенінде, Қызылқұм ауылдық округіндегі 1 елді мекенінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембрана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінген. Ауданда 112 елді мекеннің 105 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 3 елді мекеніндегі жаңадан құрылған көшелеріне ЖСҚ әзірленіп  499 млн теңге бөлінді. Абай ауылдық округіндегі 4 елді мекенге, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін ЖСҚ әзірленуде.

Аудандағы 105 елді мекеннің 56 елді мекені газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 53 % құрайды. Бүгінгі таңда жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары, жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС құрылыс жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін тапсырылатын болады.

Сондай-ақ, 2023 жылға 5 елді мекенді (Қызылқұм а/о, Қызылқұм, Ақтөбе е/м, Абай а/о, Отан, Бейбітшілік е/м, Ж.Ералиев а/о, Ғ.Мұратбаев е/м) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және республикалық бюджеттерден жалпы 554,6 млн құрылыс жұмыстар өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181,7 млн теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі. Аудандағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Ал, ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 918,4 шақырым. 2023 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 ,9 млрд. теңге бағытталған.  Атап айтқанда: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,1 млрд. теңгеге 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн. теңгеге жалпы ұындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге 55,1 млн. теңгеге жалпы ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.  Елді екендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 млн. теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн. теңге бөлінді.

Биыл  қоғамдық көлікті субсидиялау үшін 63 млн. теңге, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінді. Бағдаршам орнату жұмыстарына 10,9 млн. теңге, бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн. теңге, бейнебақылау камераларын орнатуға ЖСҚ әзірлеу үшін 3 млн. теңге бөлінген. Аудан тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5056 азамат тұрақты және уақытша қатыстырылды. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 2023 жылы 3 айдың қорытындысымен 946 адам жолданды.  2023 жылы бірінші тоқсанда 3901 отбасыға 23 522 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 735,2 млн теңге төленді. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар 107 отбасыға (3%-ға) немесе 438 адамға кеміген.

Ауданда 82 мектеп жұмыс істейді, 72-і жалпы орта, 1-уі негізгі орта мектеп, 9-ы жекеменшік бастауыш  мектеп.  Онда 44 846 оқушы білім алуда.  Ауданы бойынша бюджеттен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны негізіндегі 20 балабақшада 2327 тәрбиеленуші, «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік 143 балабақшада 14 439 бала қамтылған. Бүгінгі таңда ауданда 2 аурухана, 2 емхана, 1 қалалық, 1 ауылдық емхана, 3 бастапқы мед санитарлық көмек көрсету бекеті, 16 дәрігерлік амбулатория, 37 ФАП, 9 медициналық бекет тұрғындарға қызмет көрсетеді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 257 рет