Бейсенбі, 12 Қазан 2023 19:49

Түркістан: биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған

Түркістан облысында өңір басшысының тапсырмасымен жастар саясатын жүргізу, жастарға қолдау көрсету жұмыстары жаңаша форматқа көшіп, жұмыс тәсілі өзгертілген. Бұл әрекеттер өз жемісін беруде. Өңірде 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 353 немесе халық санының 30%-ын құрап отыр. Оларға жан-жақты қолдау көрсету, жастар саясаты саласындағы жұмыстарды жандандыру – уақыт талабы.

Түркістан облысының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% несие беру бойынша 2023 жылы 594 жасқа несие беру жоспарланып отыр, жалпы қаражат көлемі – 2 млрд. 970 млн. теңге. Қазіргі таңда, облыс көлемінде аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтарына» бекітінген апталық жоспарға сәйкес 2,5 пайыздық шағын несие бойынша 325 кездесу және ашық есік күні өткізілген. Бүгінгі күнге дейін несие бойынша 648 өтінім беріліп, 407 өтінім комиссия мүшелерінен өтіп, оның ішінде 172 жас несие алған.

2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыру мақсатында 33 252 (46,1%) жас жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 10 016 (47,5%) адам жолданып, жұмыспен қамтылды. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1989 өренге жұмыс орны бөлінген. Есептік кезеңге сәйкес, бағдарлама бойынша 955 жас қамтылған.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасына республикаға 3653 грант берілген болатын, соның ішінде қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша аудан, қаладан 864 талапкер жіберілді. Бұл бағытта да жұмыс жалғасып жатыр.

Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу, NEET санатындағылар үлесін төмендету, сондай-ақ ауылдағы жас буынды қолдау қарастырылған. Бұл мәселе облыс әкімдігінің апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған саладағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Ауқымды іс-шараларды облыс орталығында ғана емес, шалғай аудандарда, елді мекендерде де тұрақты өткізу керек. Жастар арасындағы өзекті мәселелерді жедел анықтап, алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жандандырыңыздар. Екіншіден, колледждерге бөлінген мемлекеттік грант иегерлері талапқа сай білім алып, мамандыққа ие болулары керек. Оқу барысын қатаң қадағалаңыздар. Жастарды жан-жақты қолдау жалғасады, – деді облыс әкімі.

Бүгінде Түркістан облысындағы халық саны - 2,1 миллионнан асты. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны - 654 353., яғни халық санының 30%-ын жастар құрап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, өңір жастарының басым бөлігі ауылды жерде тұрады. Сондықтан да елді-мекендерде жастарды тұрақты жұмыспен қамту аса маңызды.

 Түркістан облысында 2023 жылы жастарға арналған 12 мемлекеттік бағдарлама бекітілген. Атап айтсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Бастау-Бизнес», «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050 мәңгілік ел жастары - индустрияға», Әлеуметтік жұмыс орны, Студенттік құрылыс отряды мен орта арнаулы оқу орындарында білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар. Сонымен бірге 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 пайыздық несие. Бұл бойынша өңірде 594 жасты қамту жоспарланған.   

Жыл соңына дейін өңірде тағы бірнеше жобалар атқарылады. Жас ұрпақ бойына ұлттық мәдениет пен өнер құндылықтарын сіңіру, олардың шығармашылық ойлауы мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатынджа облыстық «Өнер құдіреті мәңгілік» өнер фестивалі өтеді. Отбасы институты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында 12-13 қазанда «Шаттыққа толы шаңырақ» байқауы ұйымдастырылады.

14-15 қазанда әскери қызметті жастар арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру, жастардың отанға қызмет етуге әркез дайын болуға шақыру және отансүйгіштікті қалыптастыруды мақсат еткен «Біз жауынгер» әскериленген пейнбол спорттық жекпе-жектерінің топтық сайыс өтеді.  Сондай-ақ, Түркі елдерінің жас талантты, дарынды жастарын қолдау, Шығармашылығын шыңдау, дарынды жастарды әлемдік деңгейде өнер көрсетуге ынталындыру мақсатында Турк Иоз Талэнт  халықаралық таланатты жастар тележобасы да қолға алынбақ. Жалпы өңірде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында атқарылар жұмыс көп.

Бұрын «Жастар ресурстық орталықтарының» жұмысында іс-шаралық формат басымдыққа ие болса, қазір орталық қызметкелері елді мекендер мен қалаларды аралап, замандастарымен етене жұмыс жүргізуде. 2023 жылы NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 757 жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламаларға жалпы 31236 жас тартылған.

Жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында кездесулер, семинар-тренингтер тұрақты өтуде. Талантты жастарды қолдау және жастарды жан-жақты дамыту бағытында облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін 1958 іс-шара өткізіліп, 130 678 жас қамтылды. «Өз кәсібіңді аш» атты тақырыбында TEDx форматында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған экскурсиялар, танымал кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі премьер-министр Әлихан Смайыловтың ескертулерін негізге ала отырып, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын қайта пысықтап шыққан болатын. Сол кездегі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімдерімен, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен және орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, құжатқа біраз өзгеріс енгенін хабарлады. «Атап айтсақ, индикаторлар саны 10-нан 12-ге, кешенді іс-шаралар саны 72-ден 80-ге артты. Тұжырымдаманың негізгі идеясы – «Жастар үшін» парадигмасын «Жастармен бірге» бағытына ауыстыру. Аталған құжат жастарды жан-жақты қолдау мақсатында 7 бағыттан тұрады», - деді Дархан Қыдырәлі.

Тұжырымдамаға «Жастар және ауыл», «Азаматтық қатысу және шешім қабылдауға атсалысу», «Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие», «Салауатты өмір салты», «Жастар әлеуеті және кәсіпкерлік», «Ақпараттық кеңістік» және «Оқу-ағарту мен мәдениет» атты жеті бағыт енген.

«Тұжырымдаманы іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі 492,1 млрд теңгені құрайды, соның ішінде, республикалық бюджеттен 385,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 106,5 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлады Дархан Қыдырәлі.

Тұжырымдаманың «Жастар және ауыл» бағытына сай, ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға баса назар аударылмақ.

Бүгінде жастардың 43,7%-ы  ауылда тұрады. Тұжырымдаманың осы бағытындағы шаралардың арқасында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың  цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.

Негізгі новеллалардың бірі – жастармен жұмыс істеу және олардың проблемаларын шешу бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін Жастарды дамыту индексін енгізу. 2029 жылға қарай мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардарлығын 90%-ға дейін, волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылу деңгейін 32%-ға дейін арттыруды көзделуде.

Сонымен қатар тұжырымдама жобасы жас кәсіпкерлердің үлесін 30%-ға дейін, жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасынан жұмысқа орналастырылған жастардың үлесін 61%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. 2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр, оның 1 миллионы – ауыл тұрғындары. Сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын 1,5 млн жас қазақстандық цифрлық сауаттылыққа оқытылады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 183 рет