Жексенбі, 15 Қазан 2023 18:41

Түлкібастық кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 7 млн.тг несие алып, қосымша 2 гектарға жуық алқапқа құлпынай еккен

Биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие берілуде.

Түлкібас ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. Табыс табудың тағы бір жолы ретінде жүзеге асып жатқан жаңа жобаТүлкібас ауданындағы Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде енгізілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашып, шаруасын ұлғайтқан кәсіпкерлермен кездесті.

Мемлекеттік қолдау аясында жеке кәсіпкер атанған Қалдарбекованың Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округіндегі шаруа қожалығында болды. 1,5 га жерге құлпынай егіп, тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім жинап отырған кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы мемлекеттен 7 млн.тг көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, қосымша тағы 2 гектарға жуық алқапқа құлпынай өнімін отырғызуды қолға алған. Италиялық сұрып ерте көктемнен бастап, қара күзге дейін жылына 30 тонна жеміс береді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды. Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.

- Өздеріңіз білесіздер, облыс тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады, нақты айтқанда 80 пайызы немесе 1,6 млн. адам. 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды.

Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар, - деді жаңа жобаның көмегімен кәсіп ашқан азаматтармен жүздескен облыс әкімі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Майтөбе ауылындағы «Мөлдір» ЖШС кәсіпкерлік орталығының жұмысымен танысты. 616 га бау-бақшада 200 га жерге жүзім, 110 га жерге алма егілген. 50 гектар жерге шиенің (черешня) «Американка» атты түркиялық сортын еккен.Түлкібас ауданында бау - бақша көлемі 3062 га құрап отыр. Оның ішінде 644 га жерді алатын қарқынды бау тамшылатып суару жүйесін қолданады.

 «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға Түркістан облысы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Қазірде «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 млрд теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 1 544 жоба қаралып, жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 1 272 жоба мақұлданды. 2 млрд теңге құрайтын 389 жоба қаржыландырылып, 272 жоба бағдарламада бектілген ережеге сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 — ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. Еске сала кетсек, «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздықты және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елдімекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Айта кетсек, жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп отыр. Сондай-ақ, жобаның VI бағыты бойынша шағын өндіріс орындарын және қызмет көрсету орталығын ашуға ниетті азаматтар несие алуға өтініш бере алады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беріліп жатыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында 55 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген, оның ішінде мал шаруашылығы 28,7 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 26,3 млрд. теңгені құрады (2021 – 50,8 млрд. теңге). 2023 жылдың жоспары 60,5 млрд. теңге болса, 4 айының жоспары 9,2 млрд. теңге, нақты 12,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді (2022 жыл 4 айы- 10,8 млрд. теңге).

Түлкібас ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9,7 мыңға жетіп, оларда 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі 44,6 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың жоспары 50,7 млрд. теңге, І-тоқсан жоспары 8,6 млрд. теңге болса, статистикалық көрсеткіштердің  қорытындысы әлі шықпаған.  Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде.

Түлкібас ауданында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2022 жылы 18,6 млрд. теңгені құрады (2021 жыл – 12,9 млрд. теңге), 2023 жылдың жоспары 23,4 млрд. теңге, 4 айының  жоспары 700,0 млн. теңге болса,  нақты орындалғаны 2,2 млрд. теңге (2022 жыл-556,0 млн. теңге). Алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша жалпы құны 322,9 млрд. теңгелік  8 жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде 1606 жаңа жұмыс орындары құру, өндіріс көлемін 84,6 млрд. теңгеге арттыру,  бюджетке қосымша 6,8 млрд теңгеге кіріс көлемін ұлғайтып, импортты алмастырып, жергілікті көлемін қамтудың  үлесін  7 млрд. теңгеге арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Түлкібас ауданында 2022 жылы өнеркәсіп өнім көлемі 16,3 млрд. теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 4,0 млрд. теңгеге артты (2021 жыл – 13,3 млрд. теңге). 2023 жылдың жоспары 18,1 млрд. теңге болса, 4 айында 4,8 млрд. теңгені құрады (2022 жылдың 4 айы 4,5 млрд. теңге). Жалпы өңірлік өнім жыл қорытындысымен 89 млрд.теңгені немесе 108,8 пайызды құрады, жан басына шаққанда 837,6 мың. теңге, 2023 жылдың жоспары 97,7 млрд. теңге болса, 4 айының қорытындысымен 21,8 млрд. теңге жан басына шаққанда  204,2 мың. теңге.

Бюджеттің кіріс бөлігі -100,4 пайызға (3,3 млрд. теңге), шығыс бөлігі – 99,1 пайызға орындалды (жоспар 18,3 млрд. теңге, игерілгені 18,2 млрд. теңге, 165,3 мың теңгесі игерілмеді). 2023 жылдың жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерінің жоспары 4,1 млрд. теңге болса, 4 айында жоспар 105,8 пайызға орындалды (1,3 млрд. теңге), шығыс бөлігі – 99,8 пайызға орындалды (жоспар 2,3 млрд. теңге, игерілгені 2,3 млрд. теңге).

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 182 рет