«MEGA-AGAT» компаниясына тиесілі жобаның құны 4 млрд. теңгені құрайды. Нысан соңғы үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталады. Кешеннің тоғыз жол торабы саналатын Арыста орналасуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ. Яғни, Еуропаның «А» стандартына сәйкес болатын кешен ерекшелігі – көршілес ТМД елдерінен бөлек, алыс-жақын Азия, Еуропа мемлекеттерімен тауар айналымын күшейту арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру.
6 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі 17 000 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 14 000 мың шаршы метрі қатты заттар сақтауға арналса, 3 мың шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтауға шақталған қойма. Яғни кешенге өнімнің тауарлық қасиеттерін жоғалтпай ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықтар орнатылады. Соның арқасында, көкөніс қоймасы кәсіпкердің өз өнімін де, көршілес аудандар мен ауылдардағы шаруа қожалықтарының өнімін де ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға жол ашылады.
Сонымен қатар аталған кәсіпорын аумағында құны 600 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 9 мың тоннаға шақталған астық сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа қойма іске қосылғанда, жергілікті диқандар Арыстан алысқа шықпай-ақ, астықты осында сақтап, тиімді бағада нарыққа шығаруға жағдай жасалынбақ. Яғни, жаңа астық сақтау қоймасы арқылы қосымша шығындар азаяды, ол түптеп келгенде бағаның тұрақтануына мүмкіндік беретін болады.
Облыс әкіміне Арыс қаласының өндірістік аймағы таныстырылды. Мұнда болашақта бірнеше ірі өнеркәсіп орындарын ашу көзделген. Халықтың табысын арттыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынбақ. Атап айтқанда, қой жүнін өңдеу арқылы биотыңайтқыш өндіру жүзеге асырыла бастады. Мал бордақылау алаңы салынады.
Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс станциясының локомотив депосы базасында құрылған ірі теміржол кәсіпорнында болып, теміржолшылармен кездесті. Мұнда бір жылдың ішінде 3 мыңнан астам жолаушылар вагоны мен локомотивке деполық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеп, техникалық қызмет көрсетуден басқа электровоздарға сервистік қызмет көрсетеді. Кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді.
Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта аймақтарда жүйелі жұмыстар істелуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Арыс қаласында біршама жұмыстар атқарылды. Былтыр аталған жобаға 475 үміткер қатысып оның 114 -ті грант алған. 68 жастарға, 46 әлеуметтік осал топтарға берілген. Қазіргі таңда жоспар бойынша 114 адам дара кәсіпкерлік ашып кәсіптерін жасап,137 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қала бойынша 5 жылда жалпы құны 93,0 млрд.теңгелік 42 инветициялық жоба іске асырылып, 1209 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсіп саласы-10, машина жасау-1, Туризм саласы-2, Білім саласы-9, Агроөнеркәсіп саласы-16, Балық өсіру-4. Транспорт логистика-1. Бұл қазіргі жоспар, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өсетін болады.
2023 жылы 30,4 млрд.теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобалар іске асырылып, 256 жұмыс орны ашылады.”TURKESTAN AGRO.KZ” ЖШС 50 мың бас ІҚМ бордақылау алаңын ашу жоба құны 8,7 млрд. теңге. “KAZPLEMZAVOD” ЖШС 10 000 бас ірі қара малды өсіру және көбейту жоба құны 2 млрд. 275,0 млн. теңге.“KING MILK” ЖШС Түйе сүтін қайта өңдеу, ұнтақталған өнім шығарып экспорттайды, жоба құны 250,0 млн. теңге. Қуаттылығы 6 тонна ұнтақталған түйе сүтін шығарады. “DERMENE AGRO GROUP” ЖШС Балық өсіру, көбейту жобасын іске асыружоба құны 50,0 млн. теңге. 50,0 мың “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр.
«ҚАРАТАУ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу жоба құны 11,0 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 50,0 мың тонна мұнай өңдейді.”MEGA-AGAT» ЖШС 1.Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500,0 млн. теңге. Қуаттылығы 300,0 тоннаполивинилхлорид түйіршіктерін шығару. 2. Пластикалық құбырлар шығаратын зауыт жобасы жалпы құны 800,0 мың АҚШ доллары. Қуаттылығы тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады.
Бұдан бөлек “MEGA-AGAT» ЖШС Арыс қаласынан транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 4,0 млрд. теңге. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру. Нысанның жобасы Европаның “А” стандартына сәйкес болады. Жобаның аумағы 6 га, салынатын ғимараттың көлемі 15000 шаршы метрді құрайды. Оның ішнде 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкеніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады.Сонымен қатар сыйымдылығы 9000 тонна астық сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жоба құны 600,0 млн. теңге.
Өткен жылы 23,5 млрд.теңге ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. НКИ 110,4% құрады. Облыс бойынша 4 орында. 2023 жылы бұл көрсеткішті 25,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға еңгізілген жоспар 15000,0 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары тапсырылған. Алғашқы төрт айдың қорытындысына сәйкес 7292,2 гектар(оның ішінде: 7291,0 гектар жайылым; 1,2 гектар суармалы егістік) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды немесе тапсырма 48,6 пайызға орындалды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат