Жексенбі, 15 Қазан 2023 20:29

Ордабасы ауданы: жаңбырлатып суғару жүйесі 500 га астам алқапқа ендірілген

Ордабасы ауданында есептік кездесу өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы проблемаларды тұрғындармен ақылдасып, бірлесе шешу үшін ауылдарды аралады. Халықты толғандырған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Облыс әкімі аудандағы бірқатар өндіріс орындарын аралады. Ордабасы ауданында жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 27 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 1 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба, алюминий профилін өндіру цехы мен «Александровский сад» – көкөністерді өңдеу цехы іске қосылған. Қазіргі уақытта қосымша газоблок және металл конструкцияларын жасайтын екі цехтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар іске асырылғанда ауданға 1,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, құрылған жұмыс орындарының саны 150-ден асады.

 Ордабасы ауданында биыл ауылшаруашылығы саласында 7,7 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді. Сонымен қатар Ордабасы ауданы Қараспан елдімекенінде жалпы ұзындығы 24,3 шақырымды құрайтын «Қараспан» магистральды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ң өкілі Самат Ергешбаевтың айтуынша, каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған. 2024 жылдың соңында канал пайдалануға берілетін болады.Тапсырыс беруші — Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы болса, мердігер мекеме — «Мелиоратор» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 344 млн 721 мың 906 теңге. Айта кетерлігі, канал толық аяқталған уақытта аудандағы 6 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, таяуда ауданда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткен. Онда шаруалар мен диқандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ асыл тұқымды төрт түлік өсірушілердің көрмесі де ұйымдастырылды.

Өткен жылдың 9 айында ауданда ауыл шаруашылығы саласында 53 млрд. 818 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 446 миллион теңгеге артық. Биыл аудан көлемінде 68 495 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар 104 пайызға орындалды. Жалпы, 68 мың гектардан астам алқапқа егілген ауылшаруашылық дақылдарынан бүгінгі таңда барлығы 245 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Ауданда 15,7 гектар жерге жылыжай құрылысы жүргізіліп, жоспар 105 пайызға, тамшылатып суғару 476 гектар жерге ендіріліп, жоспар 112 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ жаңбырлатып суғару жүйесі де 500 га астам алқапқа ендіріліп, жоспар 111 пайызға орындалды. Егістік жерді тиімді пайдалану арқылы «1 алқаптан 2-3 рет өнім алу» жобасы да тиімді жүзеге асты. Атап айтар болсақ, 109 шаруа қожалығы 363,7 гектарға дақылдар мен көкөністер екті. Нәтижесінде бірінші өнімнен – 7 854 тонна, екінші өнімнен 5 698 тонна өнім жиналды.Ауданда мал шаруашылығы бағытында да өсім байқалады. Оның ішінде төрт түліктің саны артуда. Жыл басынан 7 734 тонна мал мен құс еті, 37 861 тонна сиыр сүті және 10 068 мың дана жұмыртқа өндірілді.

 Бүгінде кәсібінің нәсібін көріп жатқандардың бірі Ордабек шаруа қожалығы. Серіктестік жылқы бордақылаумен айналысады. Кәсіпкер бүгінде өнімін Алматы қаласына экспорттайды екен. Хаят Хасантаев жылқы етімен қатар қойды да бордақылауды жолға қоймақ. Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Нұрислам шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Бұл серіктестік тауық өсіріп, оның етін сатумен ай айналысады. Мұнда 12000 бас тауық асырауға мүмкіндік бар. Өнімге сұраныста жоқ емес дейді кәсіпкер.Яғни еліміз жарты жылда 4 мың тоннаға жуық қой етін экспорттаған. Басқа өңірлердегі шаруалар мүмкіндігіміз одан да көп, тек қолдау қажет екендігін айтқан еді. Өйткені малды бордақылау алаңдары жоқтың қасы. Ал Ордабасы ауданында  40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылып, мәселе шешімін таппақ.

Облыс басшысы «Бірыңғай Индустрияландыру картасы» аясында іске қосылған «KARLSKRONA LC AB» машина жасау зауытына барды. Жоба құны 1,7 млрд.теңге құрайтын Бадам ауылдық округіндегі кәсіпорында гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, шойын, болат және құрылыс металл шығарылады. Болат құю өнімдерін, стандартты емес және электр жабдықтарын өндіруге арналған машина жасау зауыты жылына 5000 тонна өнімді ішкі нарыққа өткізеді.

Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінің халқымен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдап, өңірде қолға алынып жатқан жаңа жобалар жайлы айтып берді. Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Инфрақұрылым, жұмыс орындары және кәсіпкерлерге көмек туралы айтылды. Облыс әкімі тұрғындар көтерген барлық мәселе жіті назарда болатындығын жеткізді. Ауылға халыққа қызмет көрсету орталығының қажеттігін айтты. Дархан Сатыбалды тұрғындар тілегін құптады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары өндіріс орындарын, тігін фабрикасын ашып, жұмыс орындарын көбейту туралы айтты.

- Облыста өндіріс саласын дамыту мәселесі біздің ұдайы назарымызда. Шұбарсудың өз бренді болу керек. Дәл осы саланы дамытуды ұсынамын. Кәсіпкерлерді тартып, зауыт, фабрика, цехтар ашуға күш салу керек. Еңбекқор халқымыз кез-келген салада нәтижелі жұмыс көрсететініне сенімдімін, - деді облыс әкімі Д.Сатыбалды.

Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласындағы өнімнің табысы биыл 43 млрд. 175 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артты. Оған қоса он ай ішінде ауданның ауылшаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есеге көп. Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екі өнім алу жобасымен аудан бойынша 90 шаруашылық айналысуда. 83 шаруашылықтың 169 гектардан алған алғашқы өнімі 4031,2 тоннаны құраған. Диқандар 126,8 гектардан екінші рет өнім жинап, қамбаларын 1 658,9 тонна өніммен толықтырған.

Кең қолданысқа ие болған  тамшылатып суару әдісі 628 гектар жерге енгізіліп, жоспар 104 % орындалды. Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту мақсатында жалпы 319 гектар жерге көпжылдық қарқынды екпелер орналастырылған. Ерекше кәсіпті игерген «BS-Agro Product» ЖШС-гі жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға суғарусыз әдісімен «Сitrullus Lanatus (Мalali)» сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, бүгінгі таңға 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алды. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Серіктестік жиналған өнімді Израиль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.

Осы тұста бір айта кетерлігі, Ордабасылық диқандар мемлекет тарапынан да барынша қолдау тауып келеді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 6 110 тонна жеңілдетілген бағада жанар май бөлінген. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін 4 200 тонна минералды тыңайтқыштар үлестірілген. Ордабасы ауданы бойынша көкөніс пен астық сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннадан астам 16 қойма бар. Жыл соңына дейін Бадам ауыл округінен қосымша заманауи қойманы іске қосу көзделуде.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 231 рет