Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, алдағы 2024 жылға аудандық бюджетке ауылдық округтегі өзекті мәселелерді енгізу бойынша ұсыныс пікірлер жүзеге асатынын жеткізді.
Шаға ауылдық округте өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Ауылдық округ тұрғындарының басты мәселесі табиғи газ, ауыз су мәселесін алға тартты. Бершін төбе елді мекеніне газ қашан қосылатынын, сол елді мекенге трансформатор орнату, аяқ жол, жарықтандыру, көшелерді асфальттау, спорт алаңшаларын салу керектігін атап өтті.
Қазақстанның 30 жылдығы елді мекеніне қоғамдық көлік бойынша 10 маршурттың жүргізуін, аялдама орнату, Жастар саябағы демалыс орнын, балалар ойын алаңшасын, мектеп салу, Молда Мұса мектебін күрделі жөндеуден өткізу, осы мектептің жылу мәселесі әлі күнге дейін шешілмегенін, жайылым мәселесі, ағын судың бағасы қымбаттап жатқанын тұрғындар кезек кезегімен айтып өтті. Ал, 1975 жылы салынған ескерткіштің айналасын абаттандыру, Қазтелеком тарапынан жүргізілген орындардың қақпақтары жабылмай кеткенін, ауыл орталығына халықтың өсуіне орай, емхана салу, тұрғын үйге үйіргелік жер берілуін, жарықтың жиі сөніп қалуына байланысты электр бағаналарын жаңарту, бейне бақылау камераларын орнату, жаңадан салынған №13 мектепте ауыз судың жоқтығын, Шаға елді мекеніндегі ауыз су ішуге жарамсыз екенін жеткізді.
Бұдан соң кезекті кездесу Үшқайық ауылдық округінде жалғасын тапты. Кездесуге Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаты Серікбай Оразбеков, Үшқайық ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаев қатысты.
Бұл ауылдық округіндегі тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған ауыз су бойынша Сұлтанбек Қожанов пен Нұртас елді мекенінің тұрғындары жеткізді. Ауылдық округтердегі елді мекендерде интернет байланысының нашарлығын, С.Қожанов елді мекеніне тұрғын үйге жер берілуін, мал ішетін судың жоқтығын, Теке елді мекеніне трансформатор орнатуын, электр бағаналарын ауыстыруын, Нұртас елді мекеніне балалар ойын алаңын салу, С.Қожанов елді мекеніне қоғамдық көліктің қатынап жатқанын, алайда күніне 2 рет қатынаса деген ұсыныс пікірлерін білдірді.
Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша әрбір сұраққа дер кезінде аудан әкімінің орынбасарлары және тиісті бөлім басшылары бақылауға алып, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, кездесулерде сол ауылдық округтерінен сайланған депутаттар да өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті.
Жыл басында Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауылды дамытудың тетіктері туралы тапсырма берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы «Ауыл аманаты» жобасына айрықша тоқталып, шаруаларға қажет болса, техника сатып алу үшін субсидия берілетінін айтқан еді. Сондай- ақ, Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы” жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгінде Сауран ауданы Түркістанмен қатар дамып келе жатыр. 2021 жылы наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырып, қайтадан Түркістанмен қатар дами бастады. Бұл – ауданның, облыстың туризм саласы үшін аса маңызды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.
Сауран ауданына биыл жалпы құны 13 млрд 129 млн теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек, Оранғай елдімекенінде «Балмұздақ» ЖШС-ның балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу және «Ныш Ер» ЖШС-ның демалыс аймағы және қонақүй салу жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Ал Шаға ауылдық округінен «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасын жүзеге асыру қолға алынады. Үшқайық ауыл округінен «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның балық шаруашылығын дамыту мен Шорнақ елдімекенінен «Sauran Plast» ЖК-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы, сондай-ақ, Ескі Иқан елдімекенінен «AgroFoodTrade» ЖШС-ның мақта майын өндіру цехы жобасы іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сауран ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны – 6 010.
Биыл Аша елдімекенінде ауызсу жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылмақ, сондай-ақ, 3 шалғай орналасқан елдімекенде кешенді блок модуль орнату қарастырылған. Өткен жылы Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық елдімекендеріне су мұнарасы орнатылып, Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елдімекен күн сәулесі батареяларынан қуат алады. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылды. Биыл 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елдімекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Ал 11 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елдімекен табиғи газды пайдаланып отыр. Биыл Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас елдімекендеріне табиғи газ қосылады.
Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жарықтандыру жүргізілді. Биыл бағдарлама аясында 11,2 шақырым, ал жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді. Айта кетейік, аудан орталығы Шорнақ елдімекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығында 5 ғимараттың және инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталды. Мұнда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелердің ғимараттары және мәдениет үйі бой көтерді. Жаңа ғимараттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысы басталды.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылдың І-тоқсанында жалпы өнім көлемі 6 млрд. 304,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%. Ауыл шаруашылығы бағытындағы «АУЫЛ – АМАНАТЫ» пилоттық жобасына аудан бойынша 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда: Қарашық ауылдық округінде 3 кооператив отбасылық сүт фермасын және отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр. Оранғай ауылдық округінде 2 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. Майдантал ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. Ескі Иқан ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермасын ашуды жоспарлауда.
Сонымен қатар, 2023 жылдың І-тоқсанында 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция тартылды. Ағымдағы жылы жалпы құны 13 млрд. 129,0 млн. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек: «Балмұздақ» ЖШС-ның – “Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 562 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Ныш Ер» ЖШС-ның – Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 200 млн. теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның – Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасы. Инвестициялық құны 578 млн. теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның – Балық шаруашылығын дамыту жобасы (Үшқайық ауыл округі). Инвестициялық құны 600 млн. теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Sauran Plast» ЖК-ның – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «AgroFoodTrade» ЖШС-ның – Мақта майын өндіру цехы жобасы (Ескі Иқан елді мекені). Инвестициялық құны 500 млн. теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек,Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Шалғай орналасқан 3 елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны – 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда: Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.
Сонымен қатар, Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ағымдағы жылы 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде (Еңбекші Дихан, Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Оранғай, Бабайқорған, Жүйнек). «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында 2023-2024 жылдары: Шорнақ және Ескі Иқан ауылдық округтерінде 10 кВт – 6,4 шақырым электр желісі, Үшқайық, Шаға және Бабайқорған ауылдық округтеріне 0,4 кВт – 10,6 шақырым электр желісі ауыстырылады. Шорнақ, Үшқайық, Ескі Иқан ауылдық округтеріне 3 дана трансформатор орнатылады.
Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 48 күндізгі мектеп жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 719 бала. Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл ауылынан 300 орындық мектеп құрылысы және Оранғай ауыл округінде 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, нысандар осы жылы пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, “Жайлы мектеп” ұлттық пилоттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жоспарланған: 2023 жылы Үшқайық ауыл округі, С.Қожанов ауылында 300 орындық мектеп, Иассы ауыл округі, Еңбекші Дихан ауылында 600 орындық мектеп және Шорнақ ауыл округі, Аша ауылында 900 орындық мектеп. 2024 жылы Майдантал ауыл округі, Ынталы ауылында 900 орындық мектеп, Қарашық ауыл округі, Құмтүйін ауылында 900 орындық мектеп құрылысы жоспарланған. Ауданда 12 мектепте оқушылар тасымалы ұйымдастырылған. Осы жылы барлық қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етілген 5 арнайы автобус алынды.
Ауданның экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарының бірі туристік кластерді дамыту болып табылады. Аудан аумағында 54 тарихи-мәдени нысандар бар. Келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесіне «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Бекітілген кешенді жоспаға сәйкес 2022 жылы туризм саласында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 500,0 млн. теңге болса, нақты 811,8 млн. теңге тартылып, 162,3 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы туризм саласында жалпы құны 345,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 2 млрд 974,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 80 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат