Жұма, 20 Қазан 2023 21:54

Созақ ауданы: жергілікті бюджет кірістеріне 9 айда 10 млрд. теңгедан астам қаржы түскен

Созақ ауданында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда 384 млрд. 137 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға немесе 41 млрд. 355 млн. теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 57 млрд. 830 млн. тенге инвестиция тартылды. Жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 10 млрд. 8 млн. 844 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,2 пайызға немесе 775 млн. 491 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды.

Оның ішінде; трансферттер 2 млрд. 459 млн. 385 мың теңге, өзіндік кірістер 7 млрд. 549 млн. 459 мың  теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 млрд. 363 млн. 347 мың теңгені құрап,  99,4 пайыз игерілді. 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100% орындалды. 10 га қарқынды бау егіліп, тапсырма 100% орындалды. 8 дана 500 бастан жоғары отбасылық құс фермалары ашылып, 33% орындалды (жоспар 24 ферма).  Сонымен қатар, 7 604,2 тонна ет, 11 858,3 тонна сүт, 1 866,3 мың дана  жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда мүйізді ірі қара 41 777 бас, майда мал 324 842 бас, жылқы 32 440 бас, түйе 16 027 бас, құс 38 637 басты құрады.

Ауданда негізгі капиталға 485,8 млн.теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 34% орындалды (жоспар 1 366,2 млн тг). Тамақ өндірісіне 134,2 млн теңге инвестиция тартылып, 51% орындалды (жоспар 261,7 млн). 14 390 га егістік жер игеріліп, 100,6% орындалды, (жоспар 14 300 га). 5,2 га жерге тамшылатып суару әдісі енгізіліп, 104% орындалды (жоспар 5 га). 20 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 67% орындалды (жоспар 30). 40 га жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 24% орындалды (жоспар 164 га).

Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер  716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері  1 034 898 гектар, су қорының жерлері 3245 гектар, елді мекендердің жерлері  261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 799 гектар. «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың га жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында  58261 га жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.

Созақ ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда  122 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 94 азаматтың құжаты 478,2 млн. теңгеге мақұлданып, 72 азамат 335,65 млн.теңге жеңілдетілген несие алды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда    72 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 57 азаматтың құжаты 326,96 млн. теңгеге мақұлданып, 19 азамат 112,21 млн.теңге жеңілдетілген несие алды.

Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен 575 млн 754 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 380 млн 226 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Газдандыру жұмыстары бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген. АГТС  қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргізілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. 2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд. 202 мың 719 теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың наурыз айында 353 млн.тг аванс төленді. (АГТС қондырғылары дайындалуда) Қалған 411 млн. 221 мың теңге бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады. 2021-2022 жылдар аралығында 175 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3500 абонентке газ құбыры жүргізілді.

Аудан көлеміндегі  35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен)  62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 23 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 6 елді мекенге  (Шолаққорған, Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдық) кестемен берілуде. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг, 2023 жылға 657 млн.тг қаржы бөлініп, су тарату нысандарының орындары қоршалып, 30 шақырымға жуық су құбыры траншеяларға тасталған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне  24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жоба құны – 1 млрд 547 млн 373 мың теңге.

Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға 17 млн 141 мың.тг қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жобалаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржы қарау үшін бюджетке ұсынылуда. Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті 12 454,0 мың теңге қаржы бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс беріліп, қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, аудандық бюджеттен 9 000,0 мың.теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемлер анықтылды.

Жоба құны:  2 820 249,0 мың/тг

Балдысу – 513 млн. 872,0 тг;

Қарабұлақ – 413 млн. 561,0 тг;

Басбұлақ – 515 млн. 141,0 тг;

Саржаз – 583 млн 493,0 тг.

Сызған – 794 млн 182,0 тг

Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан елді мекен қатарынан алынуда.

2023 жылға қалған 345 млн 234 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың сәуір айында 142 млн. 047 мың. теңге қаржы игерілді. Үстіміздегі жылы  құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. Республикалық бюджеттен: «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына» – 250,5 млн. тг (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 24.07.2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды. Бүгінгі күнге нысанды құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» (сыртқы инженерлік желілер) – 245,5 млн. тг бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды аяқтау мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы деп жоспарлануда.

«Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» – 181,3 млн. тг. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысына» – 2 065,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 300 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» – 9 205,3  мың тг. Жобалық-сметалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынғаннан кейін республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын болады.Жалпы аудан бойынша 35 мектеп, 37 балабақша (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік)  жұмыс атқаруда. Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 1 540 бала мектепке қабылданып, жалпы 15 433 оқушыны құраған болатын.

2022-2023 оқу жылында 937 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 52 оқушы «Алтын белгі» белгісін және 90 оқушы үздік аттестат иеленді. Мектепті аяқтаған 937 оқушының 779-ы (грант-417, ақылы-352. Шет елге-10 оқушы) ЖОО-ға оқуға түссе, 108-і АОО-ға оқуға (грант-69, ақылы-39) түсіп отыр. Оқуға түспей жұмыспен қамтылғаны-42, әскерге кеткені – 7, қайтыс болғаны-1. 2023-2024 жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1546 бала қабылданып, жалпы оқушы саны – 15 526-ы құрап отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу межеленген. Қазіргі таңда, 2-6 жас-99,6%, 3-6 жас – 100% құрады.

Сонымен қатар, Президентіміздің тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне 900 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары баталды. Сондай – ақ, Ыбырай ауылынан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мектептерді қысқы маусымға дайындау мақсатында жылыту жүйелерін шаю және қысымдау-сығымдау жұмыстары толық аяқталған. Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары 5941 бала ыстық тамақпен қамтылуда.

«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аудандағы мекемелерге хат жіберіліп, республикалық акцияға қатысуға арнайы хат берілген болатын. Қазіргі уақытта, бюджеттік мекемелер тарапынан 122 бала, қосымша демеушілер есебінен 732 бала, жалпы 854 балаға жәрмеңке аясында көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 18 тамыз күні арнайы «Оқушы формасы мен мектеп жабдықтары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда аудан кәсіпкерлері мен шымкент қаласынан арнай келген кәсіпкерлер арзандатылған мектеп формалары мен мектеп жабдықтарын сатты.

Ұлттық жобалар шеңберінде 2 655 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 72 пайызға орындалды (оның ішінде: «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланып, бүгінгі күнге 60 жаңа жұмыс орны ашылды; «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы бойынша 1281 жұмыс орны ашылу жоспарланып, 1241 жұмыс орны ашылды; 1371 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 704 адам жолданды;

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 590 жаңа жұмыс орны ашылды).  Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.  2023 жылы 1 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.

Созақ ауданында қазіргі таңда 39 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Олар 16 мәдениет үйлері мен клубтар болса, 23-і кітапханалар.Биылғы жылы ағымдағы  жөндеу жұмыстарын қажет ететін 3 мәдениет мекемесіне аудандық бюджеттен қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар:

Созақ ауылдық мәдениет үйі /ағымдағы жөндеу/

Жартытөбе ауылдық клубы /жылу жүйесіне жөндеу/

Жуантөбе ауылдық клубы /жылу жүйесіне жөндеу/

Сондай-ақ, Ақсүмбе ауылдық клубын ағымдағы жөндеу және Шу ауылдық клубының жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге сметалық құжаттар әзірленді. 2023 жылы Тасты ауылынан 75 орындық ауылдық мәдениет үйін салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. 2023 жылы материалдық техникалық базаны нығайтуға 2 807,0 мың теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы құны 16 155,0 мың.теңге  тұратын «Next A65R33» «Газель» маркалы автокөлігі «Мыңжылқы» мәдениет сарайының теңгеріміне берілді.

Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 198 спорттық нысандар жұмыс жасайды. 2021-2022 жылдары аудан аумағында 6 балалар ойын алаңшасы, 7 кіші футбол алаңшалары және 6 стрит воркаут алаңшасы салынған. Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны бүгінгі таңға 26 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жетті.

Ауданда биылғы 2023 жылы Бабата ауылынан демеушілер есебінен төбесі жабық үлгідегі кіші футбол алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 6 спорт нысанының құрылысы бастау алды.

Атап айтқанда:

– Қаратау ауылында жергілікті бюджет есебінен жабық кіші футбол алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан биылғы жылдың қыркүйек айында тапсырылады.

– Созақ ауылынан республикалық бюджет есебінен 1000 орындық жаңа стадионның құрылысы басталып, 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Шолаққорған ауылының Әбуов көшесіне демеушілер есебінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңшаларының құрылысы басталып, 2023 жылдың 23 қыркүйек күні пайдалануға берілді.Шолаққорған ауылының Спатаев көшесінен демеушілер есебінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңшаларының құрылысы басталып, 2023 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жыл соңына дейін құрылысы аяқталады деп күтілуде. Денсаулық сақтау саласы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген, 2021-2025 жылдарға арналған  “Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы іске асырылуда.

Аудан халқына 28 емдеу мекемесі (1 аудандық аурухана,  1 аудандық емхана, 1 МСАК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория,   4 ФАП, 13 МП) қызмет көрсетеді. 2023 жылы диспансерлік есепте тұратын науқастар   181 млн. теңгеге тегін  дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді. Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі түрде  ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.

2023 жылдың 7 айында 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 38,6 пайызға төмендеген. Ал, туберкулезден болған өлім көрсеткіші өткен жылы да, биыл да тіркелмеді. Денсаулық сақтау саласының әрбір көрсеткішін төмендету бойынша алдын алу шаралары атқарыла беретін болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 215 рет