Биыл 6 айда Созақ ауданындағы өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 миллиард теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 40 миллиард теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 19 миллиард теңгеге артты.
2027 жылға дейін ауданда 1 триллион теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 миллиард теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлану үстінде. Жоба құны — 89 миллиард теңге. 130 миллиард теңгеге «Созақ Фосфат» компаниясының минералды тыңайтқыш өндіру зауыты салынып, 1 мың адам жұмыспен қамтылады. «Састөбе инновациялық комплексі» каустикалық содаға арналған тұз сақтау қоймасы құрылысын бастайды. Қоймада жылына 100 мың тонна тұз сақтауға мүмкіндік болады. «Созақ мұнай және газ» компаниясы қуаттылығы 2 миллиард текше метр болатын газ өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 700 миллиард теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда жаңа зауыттардың құрылысына аудан аумағынан жер телімдері айқындалып, құрылыс жұмыстарына қажетті барлау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде. Бұл жобалар іске асырылғанда 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін болады. Облыс және аудан әкімдігі өнеркәсіп саласын дамытуға күш салып жатқанын айта өткен жөн. Халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін зауыт-фабрикалар салуға басымдық беріп жатыр. Кәсіп бастауға ниетті барлық азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілу үстінде.
Ауданның бірқатар маңызды мәселелері кезең-кезеңімен, заң талаптарына сай жүзеге асып жатқаны тағы бар. Айталық, осы уақыт ішінде алдағы қыс-көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Аққолтық елді мекеніндегі бөгеттер тұрғызылып, арықтар қазылды. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінің тұрғындарына қосымша су өткізгіш құбырларын орнату жұмыстары жүргілуде. Шолаққорған ауылының ішкі газ құбырының желісін тарту жұмыстары биыл толық аяқталады. Ауылға газ беру үшін автоматты газ тарату станциясы мен магистральды газ құбырының құрылысы келер жылы аяқталады. Ақшам, Наурыз шағынаудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Электр жарығының жиі өшуіне байланысты ескі подстанция жаңартылатын болды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша Созақ ауданының облыстағы үлесі 60 пайызды құрайды. Биыл 6 айда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 283 миллиард теңгені құрады. Созақ ауданы өнеркәсібі дамыған аудан болғандықтан, облыс көлемінде өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған бірден-бір дотациясыз аудан болып саналады. Жергілікті бюджет кірісі жыл басынан бері 7,5 миллиард теңгеге жеткен. 14 мың гектар жерге егін егіліп, өсімдік шаруашылығының өнімі 4,7 миллиард теңгені құрады. Созақ ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінде іске асырылуда. 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 76 жоба мақұлданды.
Орайы келгенде айта өтейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бірқатар сын айтылуына байланысты облыс басшысының тапсырмасымен бағдарламаның іске асыру барысына талдау жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше кемшіліктерге жол берілгені анықталды. Енді оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың баяндауынша, облыс әкімі аппаратынан жұмыс тобы құрылып, олар бағдарламаға қатысатын 64 ауылдық округті аралап шыққан. Несие алушылардың арасында 18 сұрақтан құралған анонимді сауалнама жүргізілген. Тұрғындармен сөйлесу кезінде жобаға қатысқан 340 тұрғынның басым бөлігі мал шаруашылығы бағытын таңдағаны анықталған. Несие алып, кәсіп ашуға бел буғандардың арасында Ырыс микроқаржы ұйымы тарапынан кепілге қойылатын мүліктің тәуелсіз бағалаушы мекемелер бекіткен бағадан төмен бағалауы да кері әсерін тигізуде.
Халыққа түсіндіру жұмыстары да төмен деңгейде жүргізілген. Нәтижесінде тұрғындар қосымша шығындарға ұшырауда. Талдау қорытындысымен танысқан облыс әкімі жауаптыларға қатаң ескерту жасады. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдауды, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.
— Мен халықпен кездесуде осы «Ауыл аманаты» бойынша бағдарламаның жүзеге асу барысын білу үшін халықтың өзінен сұрап отырдым. Сонда несие алғандардан қандай қиындықтардың болғанын білдім. Жерлестеріміздің шағымы көп. Атап айтқанда, тұрғындар рәсімдеу кезінде құжаттардың созбалаңға салынуы, олардың тізімінің тым көптігі, қаржыландырудың төмендігі секілді кедергілерге кезігуде. Халықтың талабы орынды. Қолдан кедергі жасалынғандай. Халыққа түсірдіру керек. Ал, бізде аудан әкімдері өзімен өзі, бағдарламадан тыс қалып, қарап отыр. Ауыл әкімдерінің халықпен байланысы жоқ. Бағдарламаның жүзеге асуына кедергі болғандар анықталып, оған жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралады, — деді облыс әкімі.
Бағдарламаның жүзеге асу барысы облыс әкімінің жіті бақылауында тұр. «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылады. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 26,5 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 3 трансформаторды ауыстырады. Ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылады, жаңа трансформаторлар орнатылады. Биыл жергілікті бюджеттен қосымша 362 миллион теңге қаржы бөлініп, 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық маңызы бар Шолаққорған — Созақ, Созақ — Қарағұр, Шолаққорған — Құмкент жолдарының 152 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев абаттандыру, елді мекендерді таза ұстау мәселелеріне ерекше назар аударады. Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары үнемі бақылауда болуы қажет. Бұл — жергілікті әкімдердің жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Тазалықты алдымен өзімізден бастасақ, шеттен келетін қонақтарға да дұрыс көзқарас қалыптастыратын боламыз. Былтыр демеушілер есебінен Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс жолының бойында 3,2 гектар жер телімі қоршалып, 3,5 мың көшет отырғызылған болатын. Көгалдандыру аймағына тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Биыл бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, қосымша 1,6 гектар жер теліміне 2 мың түп көшет отырғызылды. Жалпы, биыл аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 18 670 көшет отырғызылды.
Ауданда орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер демеушілігі есебінен соңғы үш жылда 1,3 миллиард теңгеге бірқатар нысандар бой көтерді. Екі мешіт салып берді. 6 балалар алаңшасын, 5 спорт алаңын салып, 12 көшені жарықтандырды. 15 нысанды абаттандырып берді. Созақтықтар аз қамтылған көп балалы отбасыларға 11 үй сыйлады. Солардың бірі осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде баспана сұраған мүгедек әйел бүгін арнайы алғыс айту үшін келді. Оған жергілікті кәсіпкер баспана сыйлаған.
Халықтың табысын арттыру мақсатында Созақ ауданында 6 айда 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Бұл облыстағы ең төмен көрсеткіштердің бірі саналады.
«Жайлы мектеп» пилоттық жобасы бойынша Шолаққорған ауылындағы 1961 жылы салынған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жанынан жаңа 900 орындық мектептің құрылысы биыл басталып, келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Биыл оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасау үшін, 23 оқу кабинеттерін жабдықтауға 182 миллион теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Индустриалды аймақ демекші, жыл басында Түркістан облысындағы индустриалды аймақтардағы проблемалалық мәселелерді шешу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылған айта кетейік. Таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында өңірдегі индустриалды аймақтар бойынша атқарылған жұмыстар баяндалған болатын. Ондағы жұмыстардың бәсеңдеуін айтқан облыс басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда жүйелі жұмыс жасамаған әкімдерді сынға алды. Көш соңында қалғандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді жүктеді.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Қанат Шонбасовтың баяндауынша, облыста жалпы көлемі 538 га құрайтын 9 индустриалды аймақ орналасқан. Олар Түркістан қаласында, Кентау, Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында орналасқан. «Turkistan» индустриялды аймағы 2019 жылы құрылған.
Мәжілісте проблемалық мәселелер ортаға салынды. Аймақтағы бірқатар өндіріс алаңдары тоқтап тұр. Олардың арасында қажетті инфрақұрылым толық дайын емесі бар. Атап айтқанда, жолдар толық бітпеген, сумен, кәріз және газбен жабдықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қоршаулар ұрланған не қирап қалған. Қайта жөндеуді қажет етеді. Байланыс желілері толық жүргізілмеген.
- Кей индустриалды аймақтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегендіктен, бірталай шығын келтірілген. Нысандардың инфрақұрылым жабдықтары ұрланып, жұмыстар тоқтап тұр. Осы кемшіліктердің барлығын қалпына келтірілуі тиіс. Жоспар құрып, жаңа жобалар ұсыныңыздар. Индустриалды аймақтардағы проблемалардың мәселелерді шешу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылсын. Бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынсын. Облыстық басқармалар аудан, қала әкімдерімен басқарушы компаниялар арасында тиісті деңгейде үйлестіру жұмыстары жүргізілуі тиіс,- деді облыс әкімі.
2019 жылы құрылған Түркістан облысының «Turkistan» индустриялды аймағындаөткен жылдың қорытындысымен жалпы құны 34,1 млрд. теңгеге 2,5 мыңдай жұмыс орны ашылып, 44 инвестициялық жоба іске қосылған. Инвестжобалар металургия өнеркәсібінде, машина жасау саласында, тамақ өнеркәсібінде, жеңіл өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында жобаға асуда. Сондай ақ биыл жалпы құны 5,8 млрд. теңгеге 375 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
- Өңіріміздің инвестициялық климатын жақсарту мақсатында өңірімізде өндірістік ғимараттар салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өндіріс саласын дамытуда жеңілдетілген 1 % қаржыландыру жоспарлануда. Облыс тарапынан 5,4 млрд.теңгеге СПК арқылы өтінім жіберілді. Алайда қаржыландыру тәртібі әлі бекітілмеген. Ағымдағы жылдың мамыр айында қаржыландыру тәртібі бекітілуі күтілуде. Қаржыландырған жағдайда СПК тарапынан құрылыс жұмыстары басталады,-деді басқарма басшысы.
Түркістан индустриалды аймағының аумағынан жалпы алаңы 5,6 ГА құрайтын өнеркәсіптік ғимараттар салу жоспарлануда. Сонымен қатар Түркістан қаласы әуежайының тас жолының бойында жалпы аумағы 30 га болатын, әр өнеркәсіптік саябақтың аумағы 2 376 ш.м. құрайтын 40 өнеркәсіптік ғимараттар құру жоспарлануда.
Түркістан облысында жалпы саны 9 индустриалды аймақ орналасқан. Ал ИА-тың аумағы 538 га құрайды. Оның ішінде қазіргі таңда 6 индустриалды аймақта: Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИА-Бадам, Мақтаарал, Қазығұрт- инвестициялық жобалар орналасқан. Сонымен қатар биыл Жетісайда индустриалды аймақ ашу жоспары талқыланған болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының кәсіпорындар ашу, индустриалды аймақтарды көбейту бойынша тапсырмасы аясында облыстағы аудан және қалалардың мүмкіндіктері зерделенуде. Осы орайда, Жетісай ауданында «Жетісай» индустриалды аймағын» ашу ұсынысы жан-жақты қаралды. Бұл туралы «Turkistan» Индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясының» Бас директоры Қанат Ұзақбайұлы Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында талқыланды. Аудан басшысы Серік Мамытов индустриалды аймақ ашу – өнеркәсіп саласы дамыған аудан үшін маңызды шешім екенін атап өтіп, жалпы аумағы 50 га жерде ашу мүмкіндік бар екенін жеткізді. Индустриалды аймақ ашылған жағдайда, Жетісай ауданындағы өнімдер шығаратын өндіріс орындары бір аумаққа орналастырып, компания тарапынан көрсетілетін қызметтерге жүгіне алады. Атап айтқанда, дайын ғимарат сатып алуға немесе бос жерлерді жалға алып, толықтай жүргізілген инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе бойынша алдағы уақытта қаржылық-экономикалық тиімділігі анықталып, облысқа ұсынылатын болады. Жетісай ауданы егістік бойынша, оның ішінде жеңіл және мақта өнеркәсібі, дәнді дақылдар өсіруде алдыңғы орында тұр. Жалпы, кәсіпкерлік саласында Жетісайдың 70%-ы агроөнеркәсіп болып саналады.
2019 жылы құрылған Түркістан облысының «Turkistan» индустриалды аймағында өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 34,1 млрд. теңгеге 2,5 мыңдай жұмыс орны ашылып, 44 инвестициялық жоба іске қосылған. Инвестжобалар металлургия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы салаларында жүзеге асуда. Сондай- ақ, биыл жалпы құны 5,8 млрд. теңгеге 375 жұмыс орнын ұсынатын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
– Өңіріміздің инвестициялық климатын жақсарту мақсатында өндіріс орындарын салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өндіріс саласын дамытуда жеңілдетілген 1%-дық қаржыландыру жоспарлануда. Облыс тарапынан 5,4 млрд. теңгеге ӘКК арқылы өтінім жіберілді. Алайда, қаржыландыру тәртібі әлі бекітілген жоқ. Биылғы мамыр айында қаржыландыру тәртібі бекітіледі деп күтілуде. Қаржыландырылған жағдайда ӘКК тарапынан құрылыс жұмыстары басталады, – деді Қ.Шоңбасов.
Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 44,4 млрд.т. болатын және 3092 жұмыс орнын құрайтын барлығы 63 жоба орналасқан. Оның ішінде, құны 34,169 млрд.тг. болатын және 2496 жұмыс орнын құрайтын 44 жоба іске қосылып, жұмыс жасауда.
2023 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстарды айта өтсек, «Grand Stroy Kaz» ЖШС әзірлеген құны 1 500 млн.тг. және 30 жұмыс орнын құратын жобасы Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алып, индустриалды аймақтан өз құрылысын бастады.
Сондай-ақ, 2023 жылдың І-тоқсанында Бәйдібек индустриалды аймағына әлеуетті инвестордың әзірлеген жалпы құны 1 600 млн.тг. және 72 жұмыс орнын құрайтын 2 жоба Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысына ұсынылды.
Сондай-ақ, өңіріміздің экономикалық жағдайын жақсарту және индустриалды аймақтарды дамыту бойынша іс шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2023 жылы құны 74,4 млрд.тг. және 972 жаңа жұмыс орнын ашатын 8 инвестициялық жобаны тарту көзделуде. Атап айтар болсақ:
— «QazSteel Industries» ЖШС – құны 40 млрд. теңге, 320 жұмыс орны;
— «КАЗКРАХМАЛ» ЖШС – 31,2 млрд. теңге, 500 жұмыс орны;
— «КазТравертин» ЖШС – 800 млн. теңге, 28 жұмыс орны;
— «Рамирта» ЖШС – 800 млн. теңге, 44 жұмыс орны;
— «ARYN Construction» ЖШС – 800 млн. теңге, 30 жұмыс орны;
— «Бекжанов» ЖК – 400 млн. теңге, 20 жұмыс орны;
— «EL-KZ 2020» ЖШС – 300 млн. теңге, 10 жұмыс орны(ІІ кезең);
— «Кентау Аспап Құралдар Цехі» ЖК – 109 млн. теңге, 20 жұмыс орны.
Қосымша: Жоғарыда аталған кәсіпорын жобаларының құжаттарын ӨҮК кезекті отырысына әзірленуде.
Басқарушы компанияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары.
Құны 5,8 млрд.тг., 375 жұмыс орнын құрайтын 13 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Олар:
Түркістан индустриалды аймағы
— «Grand Miks» ЖШС – 800 млн.тг., 35 жұмыс орны, кеңсе жиһаздарын өндіру жобасы.
— «ГОКТУРК» ЖШС – 250 млн.тг., 19 жұмыс орны, темір-бетон бұйымдарын өндіру жобасы.
— «TECHTRONIC-STROY» ЖШС – 500 млн.тг., 20 жұмыс орны, темірбетон бұйымдарын өндіру.
— «Гүлзада» ЖК – 100 млн. тг., 20 жұмыс орны, темір есік өндірісі.
— «Ali Construction Group» ЖШС – 890 млн. тг., 29 жұмыс орны, темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон өндіретін зауыт
— «Euroblock Production» ЖШС – 113,8 млн. тг., 20 жұмыс орны, газдыбетон блоктарын өндіру
Кентау индустриалды аймағы
— «МЖ-Алихан» ЖШС – 200 млн. тг., 25 жұмыс орны, темір бетон өндірісі
— «Сим Тас» ЖШС – 600 млн. тг., 29 жұмыс орны, керамзитті кірпіш зауыты
— «Data Farming» ЖК – 150 млн. тг., 12 жұмыс орны, мобилді жылжымалы контейнерлер цехі
— «Халтаев» ЖК – 81 млн. тг., 19 жұмыс орны, құрылыс блоктарымен металл сетка өндіру цехі
Мақтаарал индустриалды аймағы
— «EL-KZ 2020» ЖШС – 209 млн.тг.,17 жұмыс орны, газобетон өндіру жобасы.
— «Ырысты береке» ЖШС – 450 млн.тг., 30 жұмыс орны, асфальтты бетон жасау.
Қазақ-Түрік индустриалды аймағы
— «RZN» ЖШС – 1 500 млн.тг., 100 жұмыс орны, газобетон өндіру жобасы.
Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде. Өңірдегі инвестициялық ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды.
Сайрам ауданынында жаңа индустриалды аймағын құру бойынша жер көлемін анықтап, инфрақұрылым жүргізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Бадам» индустриалды аймағының көлемі үлкейтілмек. Түлкібас, Шардара және Бәйдібек индустриалды аймақтарын агро-индустриялды аймақ ретінде іске асыру және өңірімізде агро-өнеркәсіп саласын дамыту жоспарланып, Түркістан облысы әкімдігіне Басқарушы компания тарапынан агро-индустриалды аймақ құру туралы ұсыныс енгізілген.
Индустриалды аймақтардың қатысушылары – «Grand Miks» ЖШС-і (жоба құны – 2,47 млрд.тг), жиһаз өндіріс кәсіпорны, «CG Food Central Asia» ЖШС-і (жоба құны – 1,1 млрд.тг.) дайын тағам өнімдерін өндіруші кәсіпорны. Индустриалды аймақтарды дамыту барысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оған дәлел, 2022 жылы құны 8,205 млрд. тг. және 640 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 8 инвестициялық жобаны тарту көзделген.
Жыл соңына дейін темір бетон бұйымдарының өндірісі мен керамзитті кірпіш өндіру жобасы іске асырылады. Түркістан облысында құны 42,541 млрд. теңгені және 3023 жұмыс орнын құрайтын барлығы 60 жоба орналасқан. 2023 жылдың 1-жартысында «Тurkistan» индустриалды аймағында орналасқан браунфилд өндірістік ғимаратында ISIKLAR HOLDING A.S. өндіріс орнын орналастыру (құрылыс материалдарына арналған қаптама шығару) бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат