Дүйсенбі, 23 Қазан 2023 16:41

Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 8 айда 12 млрд 260,5 миллион теңгеге жеткен

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша еңбек адамдарын құттықтады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, мол өнім алған үздік ауыл, кент-округ әкімдерін марапаттады. Барлық көрсеткіш бойынша үздік шыққан Шолаққорған ауыл округ әкімдігі 1-орын, Жартытөбе ауыл округ әкімдігі 2-орын, Созақ және Құмкент ауылдық округ әкімдігі 3-орын алды. Жәрмеңкеге тауар әкелуді ұйымдастырған үздік ауыл номинациясымен Тасты ауылдық округ әкімдігі марапатталды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бойынша жоғары көрсеткіштер көрсеткені үшін — «Бірлік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Мырзахан Назаров, «Жаңабай» шаруа қожалығының төрағасы Спандияр Жүнісов, «Пернебай» шаруа қожалығының төрайымы Спандияр Әбілқасымқызы, «Алманат» шаруа қожалығының төрағасы Омар Іргебай, «Шегебай» шаруа қожалығының төрағасы Қайырбек Оспанов, «Қайдауыл» шаруа қожалығының төрағасы Бекдауыл Төлепбаев, Таукент кент округінен жеке кәсіпкер Қаншайым Есенгелдіқызы, «Созақ үні» газетінің журналисі Данияр Бек, «Ырыс» Микроқаржы ұйымы ЖШС-нің өкілі Ғалым Сембекұлына аудан әкімі салтанатты түрде алғыс хат табыстады. Жиын соңы аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, биылғы жылы теріскейлік шаруалар мол табысқа қол жеткізіп отыр. Сегіз ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 12 млрд 260,5 миллион теңгені құраған. Осы жылы 14 393 гектар аумаққа егіс егілген. Оның ішінде: 310 га — бидай, 1049 га — арпа, 769 га — жүгері, 1265 га — мақсары, 494 га — картоп, 482 га — көкөніс, 482 га — бақша, 1 996 га — жаңа жоңышқа егілген.Ауданда төрт түлік мал басы да көбейіп келеді. Атап айтқанда, 47 777 бас мүйізді ірі қара, 286 364 бас қой, 38 478 бас ешкі, 32 440 бас жылқы, 16 027 бас түйе, 38 637 бас құс өсірілуде.

Сондай-ақ, таяуда Түркістан қаласында өткен  «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері»  күніне арналған «ALTYN KUZ-2023» мерекесінде Созақ ауданы «Түйе» шаруашылығын дамытуда ОЗАТ аудан номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, осы мерекеде Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Әлібеков Еркебұлан Амангелдіұлы Түркістан облысы әкімінің «Озат мал бордақылаушы» дипломы мен «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысанындағы бірлестік төрағасы Ж. Дайрабаевтың «Үздік Фермер» төсбелгісімен марапатталды.

Осы ретте, бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен Созақ ауыл округінен құрылған «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і төрағасы Әлібеков Еркебұланды қабылдады. Аталған номинациялар мен төсбелгіні табыс етіп, құрмет көрсетті. Алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын дамытып, өнімділікті арттырудағы жұмыстарды бірлесе атқаруға сенім білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап түйе шаруашылығын дамыту мақсатында аудан бойынша  1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 980 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.

Шолаққорған ауылдық округінің агроқұрылымдары 30 тонна «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасын  «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауылдық округінің агроқұрылымдары 53 тонна, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдары 113 тонна «Казфут» ЖШС-не, барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген. Кейінгі жылдары «Golden Camel Group» ЖШС-і өз жұмысын тоқтатуына байланысты аудан агроқұрылымдары сауылған сүттерді ішкі нарыққа  өткізуде. 2023 жылдың 9 айындағы есеп бойынша  жалпы ауданда 15 979 бас түйе өсірілсе, 3 жылдың ішінде 117 пайызға өскен. 

Созақ ауданында Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Созақ ауыл округінен «Жаңа Қазақ Елі» АӨК-і (төрағасы Әлібеков Еркебұлан Амангелдіұлы)  мүшелікке 91 азамат тіркелеген. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 26 млн.теңге несие қаржы алып, 2 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Жартытөбе ауыл округінен «Сембек ата» АӨК-і (төрағасы Бахбергенов Жарқынбек Сембекұлы) мүшелікке 70 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 20,3 млн.теңге несие қаржы алып,  3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Шолаққорған  ауыл округінен «Созақ Агро Өнімдері» АӨК-і (төрағасы Қасымбек Арман Нұрболұлы) мүшелікке 181 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 27,6 млн.теңге несие қаржы алып, 4 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

Құмкент  ауыл округінен «Рауан» АӨК-і (төрағасы Досбаев Мұрат Мақсұтұлы) мүшелікке 70 азамат тіркелеген.  «Ауыл Аманаты» бағдарламасының V-бағыты бойынша 15 млн.теңге несие қаржы алып,  жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алуға келісім-шартқа отыру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарын өркендету, оның ішіндегі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту күн тәртібінен түскен емес. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков халықпен есептік кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып келеді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлініп жатыр. Бірнеше шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер ауыл округтер мен елді мекендерді аралап, субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ Созақ ауданы мал шаруашылығына қолайлы аймақтың бірі болғандықтан, жылдан-жылға мал басының саны артып келеді.

Бүгінде жұмысын жандандырып отырған қожалықтың бірі — Созақ ауылындағы “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылған. 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басым бағыт берген. Заман талабына сай соғылған жайдың сыймдылығы 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орын бар.

Шаруа қожалығы төрағасы Темур Балтабаев: «Біздің шаруа қожалығының басым бағыты – мал басын көбейтіп, ет өнімінің сапасын арттыру. Мұнда жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімін өндіреміз. Бүгінде шаруа қожалығында 26 адам жұмыспен қамтылуда, — дейді.

Негізі, мал шаруашылығының дамуы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы орында келеді. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша да облыс — республикада көш басында. Ірі қара мал етінің үлесі 85%-ды, ұсақ мал етінің үлесі 60%-ды құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілген екен.

Атап өтейік, Созақ ауданының ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-ші тоқсанында 46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. 2022 жылы аудан бойынша 14 275 гектар егіс егіліп, тапсырма 103 % орындалды. Оның ішінде: 285 гектар бидай, 1 016 гектар арпа, 817 гектар жүгері, 1 227 гектар мақсары, 508 гектар картоп, 504 гектар көкөніс, 504 гектар бақша, 2 500 гектар жаңа жоңышқа, 6 914 гектар өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды.  Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.

Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 гектар, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 гектар, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 гектар, барлығы 62 гектар аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды.  2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 бас мүйізді ірі қара, 288 829 бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.

2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас), қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594 бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы  аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған. Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың   I-ші тоқсанында  11 920 гектар егіс егіліп, тапсырма  83 % орындалды.

Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды. Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-тоқсанында  46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. 2022  жылы аудан бойынша  14 275 га егіс егіліп, тапсырма  103 % орындалды. Оның ішінде: 285 га бидай, 1 016 га арпа, 817 га жүгері, 1 227 га мақсары,  508 га картоп, 504 га көкөніс, 504 га бақша, 2 500 га жаңа жоңышқа, 6 914 га өткен жылдардағы жоңышқа орналастырылды.  Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.

Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы  62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды.  2022 жылдың қорытындысымен  барлық  санатта  35 445 бас  мүйізді ірі қара, 288 829  бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.

2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас),  қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594  бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы  аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.

Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған.

Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Сондай-ақ егістік жер игеру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың   I-тоқсанында  11 920 га егіс егіліп, тапсырма  83 % орындалды.

Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді. Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды. Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн.  теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды. Біздің ауданнан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады. Аудан экономикасына 2022 жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жылмен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан.Ағымдағы жылдың I-тоқсанының қорытындысымен ауданда  121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан.

2022 жылдың қорытындысымен ауданда 555 млрд. 496 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 122,4 пайызға немесе 101 млрд. 672 млн. теңгеге артқан. Жергілікті бюджет кірістеріне өткен 2022 жылы 17 млрд.  736 млн. 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 млн. 706 мың теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде; Трансферттері  12 млрд. 735 млн. 042 мың теңге, өзіндік кірістері 4 млрд. 827 млн. 714 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 32 млн.  689 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар 64 млн. 323 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары  76 млн. 963 мың теңгені құрайды.

Бюджеттің шығыс бөлігі 17 млрд. 576 млн. 470 мың теңгені құрап,   99,8    пайызға игерілді. Өз кезегінде ағымдағы жылдың I-ші тоқсанында жергілікті бюджет кірістеріне 3 млрд. 799 млн. 479 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға немесе 1 млрд. 110 млн. 534 мың теңгеге артығымен орындалып отыр. (Оның ішінде трансферттері  — 853 млн. 814 мың теңге, өзіндік кірістері — 2 млрд. 774 млн. 403 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу — 11 млн. теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары — 160 млн. 261 мың теңгені құрайды.) Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 479 млн. 597 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілді.

Сонымен қатар, аудан экономикасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан. 2022 жылдың қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 2022 жылдың қорытындысымен 19 млрд. 671 млн. 500 мың теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 33 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 103,2% құрады.   Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2022 жылдың қорытындысымен 429,2 млн. теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалды.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн. теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, 2022 жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылды. Аудан көлемінде 1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды. Аудан көлемінде 2023 жылдың I-тоқсанында  28  жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетті.

Биыл инвестициялық 7 жоба іске асырылатын болады.  Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы  «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.  Ал агроөнеркәсіп  саласындағы «Атамекен» ш/қ» жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару,  «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру,  ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 гектар жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star»  Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК  өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 гектар жер телімі бар.  

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 212 рет