«Алтын күз» жәрмеңкесі – диқандар үшін ерекше мейрам. Алажаздай еткен еңбек пен төккен тердің нәтижесін көретін күн. Сондықтан биылғы жәрмеңкеге Созақтық шаруалар барын алып келді. Табиғи таза өнімдер халыққа нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылды. - Мен еді өзіміздің ауылдың, жергілікті жердің өнімі болғаннан кейін, бағасы төмендеу болғасын үйге керекті заттарды алдым. Алма, балық, құс өнімдерін сатып алдым – дейді Шолаққорған ауылының тұрғыны Алтынай Бекбауова.
Созақтық диқан Шәріпжан Рысметов 6 жылдан бері бақша дақылдарын егеді. Алғашында судан қатты қиналған ол жаңбырлатып суару қондырғысын енгізген. Соның арқасында шөлейітті жерге қауын-қарбыз егіп, пайдасын көріп отырғанын айтады. Бүгінгі жәрмеңкеге өз өнімдерін алып келген. - Бүгін 2 тонна қарбыз, 1 тонна қысқа сақтайтын қауын-қарбыз әкелдім. Орталықтағы бағадан 30-40 теңге арзан. Халық өте дән риза. Алып жатыр. 1 сағатта 70 пайызын сатып үлгірдім – дейді ол. - Балдысу-Қарабұлақта өзіміздің 20 гектар бауымыз бар. Барлығын өзімнің қайынатам еккен. Өзіміз күтіп баптаймыз. Қазір 300 сатып жатырмын алманы. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп, сол мақалды ұстанып келе жатқан адамдармыз. Бұрын мал шаруашылығымен күнелткен Созақтықтар енді жерді игере бастады. Ауданда 6,5 мың гектар егістік алқап бар. Бірақ су жоқ. Қайтпек керек? –дейді сатушы Назерке Жаппарова.
Шаруалар жаңа технологияның көмегімен бұл қиындықтан да шықты. Биыл аудан шаруалары 20 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алса, 3 шаруа қожалығы жаңбырлатып суару қондырғысын іске қосқан. Сөйтіп, 200 гектар жерді қолданысқа енгізді. - Техникаларымыздың жаңаруы, шаруаларымыздың жерді игеруге ынтасы бізді өте қызықтырады. Су тапшылығы өте үлкен өзекті мәселе. Соған орай жаңбырлатып суару, тамшылатып суаруға өтіп жатырмыз. 6 шаруашылық қарбыз-қауын, бақша дақылдарын егіп, Астана, Алматы қалаларына тасымалдауда. Суықтың ерте түсуіне байланысты шаруаларымыздың өндірген өнімдерін халыққа ұсынудамыз – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов.
Сондай-ақ, таяуда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жон бойындағы шаруа қожалық жетекшілерімен кездесті. Сапар барысында «Бабата-1» ЖШС егістігінде болып, онда мал азығының бағасы, жерді тиімді пайдалану, игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып, жұмыс жүргізетін азаматтарға беру жайы талқыланды. «Бабата-1» ЖШС төрайымы Сәуле Қалдыбекованың айтуынша, биылғы жылы 120 гектарға бидай өнімі, 595 гектар алқапқа жоңышқа егілген.
Бұдан соң аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы арнайы «Бірлік» шаруа қожалығына барды. Онда жүріп жатқан күзгі дала жұмыстарымен танысып, өнім көлемі мен сапасын назарға алды. Сондай-ақ биылғы жылы ауданда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармайға ниет білдіруші ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 240 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінгенін айтып өтті.
Бүгінде «Бірлік» шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа арпа дақылдарын егіп, ору науқанын бастап кеткен. - Биыл астық ору науқанын өткен жылмен салыстырғанда 10-15 күн ерте бастадық. 3 комбайн жұмыс істеуде. Бірер күнде шашпай- төкпей жиын терінді аяқтап қаламыз,- дейді жұмыс басында жүрген шаруалар.
Айта кетейік, биылғы жылы Теріскейлік шаруалар ерте көктемнен бастап көктемгі егістік жұмыстарына белсене кірісіп, бүгінгі таңда 14302 гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде: бидай – 320 га, арпа – 1125 га, жүгері – 817 га, картоп –494 га, мақсары –100 га, көкөніс пен бақша дақылдары 964 гектар аумаққа егілді. Сонымен қатар, жаңа жоңышқа 2246 гектарды құраса өткен жылмен қосқанда 9217 гектарға жетіп отыр. Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 368 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 160 трактор, 5 комбайн, 70 тіркемелер және 133 басқа да қосымша техникалар бар.
Тағы бір айта кететін мәселе, өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Республикалық бюджеттен облысқа 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Пилоттық жобаға 64 ауылдық округ белгіленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады, отбасылардың орташа табысы табысы 1,5 есеге өседі деп күтіліп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға азайып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 10%-ға ұлғаяды деп жоспарланған.
Осыған орай, Созақ ауданында Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясындағы жұмыстар қарқынды іске асуда. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аталған жоба аясында Құмкент ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді. Онда ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиенің өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті.
Шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар көкейдегі сауылдарын жолдап, сала мамандары тарапынан толықтай жауап берілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша Созақ және Құмкент ауылдық округтерінен 70 азамат құжат тапсырып үлгерді. Оның ішінде Құмкен ауылдық округінен 9 азамат 35 млн теңге жеңілдетілген несие алып, 17 азаматтың құжаттары 69 млн теңгеге мақұлданды. Дәл осылай Созақ ауылдық округінде 12 азамат 55,500 млн теңге несие алып, 36 азаматтың құжаты 158, 250 млн теңгеге мақұлданып отыр.
Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округінен «Сенбек-Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 64 азамат тіркелген. Шолаққорған ауылдық округі бойынша «Созақ Агро өнімдері» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оған 70 адам тіркелді. Кооператив мүшелерін тіркеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Тіркелген азаматтардың бірқатары құжаттарын тапсырыпта үлгерген.
Сондай-ақ, биылдан бастап Республика бойынша іске асырылып жатқан осынау «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие берілуде. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша Созақ және Құмкент ауылдық округтерінен 70 азамат құжат тапсырып үлгерді. Оның ішінде 53 азаматтаң құжаты 227,250 млн. теңгеге мақұлданып, 22 азамат 94,0 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында бүгін Созақ ауылдық округінде шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Онда жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдары толықтай түсіндірілді. Бұған дейін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кәсіпкерлікті дамытуға арналған пилоттық жобаны ұтымды пайдалану бойынша сала орынбасары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті назарда ұстауда. Қазіргі таңда «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылды. Кооперативтер құрылып, кооператив мүшелері тіркелуде.
Жалпы, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков пилоттық жобаның өзектілігін ескеріп, арнайы лездемелік жиындар өткізіп келеді. Жиында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаны ұтымды пайдалану мақсатында ауыл округ әкімдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары түрлі бағытта жүзеге асырылып жатыр.
Осы мақсатта таяуда облыстан арнайы жұмысшы топ келіп, шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықпен кездесулер өткізді. Жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдарын түсіндірді.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде ауданда Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 62 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 42 азаматтаң құжаты 187,700 млн теңгеге мақұлданып, 13 азамат 61 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат