Сейсенбі, 31 Қазан 2023 19:08

Ордабасыдағы машина жасау зауыты өнімдерін Түркия мен Үндістанға экспорттауда

Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС машина жасау өндіріс орны жұмыс істейді. Зауыт электротехникалар, блокты-модульдік және стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Өнімдерін Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған серіктестікте 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды дайындауда. Серіктестік қазақстандық нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Компанияның өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес.

Осы ретте Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне аз-кем тоқтала кетсек.Ауданның қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуында серпіліс бар. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 102,2 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +8,2%-ды құрады (ЖӨӨ жоспар 2023 жыл 103,4%). Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі.  2023 жылдың қорытындысымен өсім +2% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.  Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.

Биыл 9 айда 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 71 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда:«Батсу Водоканал» компаниясы темір бетон бұйымдарын өндіреді, құны 1 млрд. теңге, 61 жұмыс орны ашылды. «Ордабасы Арт» спорт клубы құны 200 млн. теңге, 11 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 8,6 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, ең ірісі «Gold Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды, 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жыл соңына дейін 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды.  Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты.  Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша  гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.

Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті (2022 ж. –мың га). Дала жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.  Бүгінгі күнге  мың тонна картоп, мың тонна көкөніс, тонна бақша өнімдері жиналды. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды.  Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін  7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биыл 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.

Өсімдік шаруашылығын дамыту; 2.Мал шаруашылығын дамыту; 3. Құс шаруашылығын дамыту; 4.Балық шаруашылығын дамыту; 5.Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау; 6. Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

Ордабасы ауданынан бұл жобаға 5 ауылдық округтері еніп отыр (Бадам, Шұбар,Шұбарсу, Бөржар, Қараспан). Биыл 17 сәуірден бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда  млн теңге құрайтын 160 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен  млн теңге құрайтын 112 жоба қаралып, жалпы соммасы  млн теңгені құрайтын 133 жоба мақұлданды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін  млрд. теңгеге жеткізіп, былтырғы жылмен салыстырғанда  пайызға өсім қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен осы жылы қазан айында аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлермен Қытай Халық Республикасына іс-сапарға барды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Іс-сапар барысында Ордабасы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд. теңгеден асып, 5,4 пайызға артты (НКИ). Өсім негізінен:

– өңдеу өнеркәсібі (11,9 млрд.теңге немесе 106,8%);

– электр энергиясын өндіру (33,3%-ға);

– суды жинау, өңдеу және таратудың (100,4%) есебінен қалыптасты.

Өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылған, асырылатын жобаларды жазу керек.

2024 жылға арналған міндеттер:

– Өнеркәсіп өнімінің көлемін 28 млрд. теңгеге жеткізу;

– Өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 270 млрд. теңгеге жеткізу.

Жыл басынан «Еңбек» бағыты бойынша  мың адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде:

–  «Жастар практикасы» арқылы;

–  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы;

–  қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Халықпен кездесулерде көтерілген негізгі өзекті мәселелер – инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты. Ауданда 57 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 54-і қамтылған. Тұрғындар санымен адам (мың адам) қамтылып, бұл көрсеткіш  пайызды құрап отыр. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ). Бүгінгі таңда 5 елді мекенде, олар Шұбарсу, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесін қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.  Шұбарсу елді мекеніне жыл қорытындысымен беру жоспарлануда. Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, аудандық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12 млн.теңге қаралды. Құрылысын 2024 жылы қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылады. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.Қазіргі уақытта табиғи газбен 57 елді мекеннің 9-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайызды құрап отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 181 рет