Сәрсенбі, 01 Қараша 2023 17:49

Түркістан облысында экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.

Айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен аймақта ауқымды жұмыс атқарылуда.

Жыл басынан бері облыста экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштер 2 пайызға өскен. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан оң серпінді сақтап отыр. Тарқатып айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 519 млрд. теңгеден асып, 4,5 пайызға артты. Өсім негізінен өңдеу өнеркәсібі (231,1 млрд.теңге немесе 106,8%), электр энергиясын өндіру (39 млрд. теңге немесе 33,3%-ға), суды жинау, өңдеу және таратудың (5,7 млрд. теңге немесе 100,4%) есебінен қалыптасты.

Бірыңғай индустрияландыру картасына Түркістан облысы бойынша 437 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілді. Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Нәтижесінде 3 мың 305 жаңа жұмыс орны құрылады. Өңірде құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын, 100 жаңа жұмыс орны бар «ZHANASSYL» ЖШС мақта талшығын өңдеу зауыты жүзеге асты.

Бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінде инвестиция сомасы 6 млрд. теңгеге 272 жұмыс орнын қамтитын 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда (6 жоба іске асырылды, 5,4 млрд. теңге, 215 жұмыс орны). Нәтижесінде 540 жаңа жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, бүгінде Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалып жатыр. Яғни, Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.

Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Стратегиялық құжатты әзірлеу барысы жақында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиынға барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және асырудың одан арғы қадамдары туралы өз ойларын ортаға салды. Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы.Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Өңірімізді дамытудың әр сатысына арналған жоспар нақты көрсетілуі тиіс. Батыл қадам жасау арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту – басты назарда. Бұл – әр аудан, қала әкімінің міндеті. Негізгі мақсаттар бір құжатта нақты көрсетіліп, бекітіледі. Соның аясында жұмыс істеп, күш салу керек. Бұл құжат өңірдің 7 жылдық даму жоспары ретінде қызмет етіп, индикаторлар орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды. Құжатқа қосымша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен ұлттық жобаларына енгізілген барлық іс-шараны көздейтін кеңейтілген даму бағдарламасы енеді.

Биыл Түркістан облыс атағын алғанына бес жыл толып отыр. Соған қарамастан жан-жақты даму үстінде. 2023 жылғы  Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар деңгейіне 98,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 6 млн. АҚШ долларын немесе 171,1%, импорт – 5,4 млн. АҚШ долларын немесе 66,6% құрады. Сонымен қатар, өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Ташкент елімен көршілес. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде  шекара маңы ынтымақтастықтың ірі орталығына айналуы мүмкіндігі жоғары.  Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру екені белгілі. Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады. экономикасының негізгі құраушы көзі  ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) болып табылады.

Сондай-ақ, Түркістан  облысында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымы 74956,5 млн. теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 135611,2 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті деңгейінен 7,6% артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 1% төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 57,2%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 48,1% артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының  көлемі 14972,1 млн. теңгені құрап отыр.

Биыл  78,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100% құрады. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 3847,6 млн. ткм құрады, 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 87,2% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 233,1 млн. құрады, 2022 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне 162,8% құрады. 2023 жылғы 1 наурызға Түркістанның жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 196031 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 134,8% құрады. 2023 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 47044,4 млн. теңге болып, 2022 жылдың тиісті деңгейіне 146% құрады. Сонымен қатар, ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 39,4 % өсті.  Облыс экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Облыста 9 индустриалды аймаққа талдау жүргізіліп, олардың нашарлағаны немесе мүлдем жұмыс істемейтіні анықталды. Осыған дейін, тоғыз жұмыс істемейтін аймақтың орнына машина құрастыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы секілді бағытта белсенді серпін беретін 3 индустриалды аймаққа күш салу керектігі айтылған болатын. Олар: Кентау, Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданы еді.

Бүгінгі таңда Түркістан  бойынша  кәсіпорынның 2023 жылғы  статистистикасы: 17000 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 15391 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 16370, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 525, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 105, оның ішінде жұмыс істейтіндер — тиісінше – 14761, 525 және 105 бірлік.  Айта кететіні қызметкерлерге берілетін айлық көрсеткіші орта есеппен 240720 теңгені құрап отыр. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 97,2% құрады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістан облысы жылыжай шаруашылықтарын  дамытуда алдыңғы қатарда келеді.

Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы облыстың үлесінде және оның жалпы аумағы 1569 гектарды құрайды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қолдауды күшейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Биыл қаңтар айында ауа райының күрт суып кетуінің салдарынан жылыжай шаруашылықтарында айтарлықтай мәселе туындады.  Жеке жылыжай шаруашылықтары тиісті көмір қорын қалыптастырмағандықтан, қыс мезгіліне дайын болмай шықты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шұғыл іс-шаралар атқарылып, 591 гектар жылыжайға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмір отыны қажеттілігі анықталып, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір отыны облысқа жеткізілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 273 рет