Жексенбі, 14 Сәуір 2024 12:41

ШЫМКЕНТТЕ 869 ГА ҚҰРАЙТЫН 5 ӨНЕРКІСІПТІК АЙМАҚ БАР

Бүгінде Шымкент қаласында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды деп күтілуде.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясында айтылды.

Мәселен, бүгінде «ТАССАЙ» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды деп күтілуде.

«БОЗАРЫҚ» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 27,1 млрд теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылды.

Бүгінде аталған аймақтың инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Инженерлік-инфрақұрылым желілерінің жалпы құны – 12,6 млрд теңге. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың IV тоқсаны. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Индустриялық аймақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 4,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 85%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.

«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 га құрайды. Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.


Аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды.
2024 жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Оқылды 69 рет