Бейсенбі, 18 Сәуір 2024 12:39

Түркістан: биыл Ордабасыда құны 40 млрд. Теңге болатын 21 жоба іске асырылады деп күтілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен болған кездесуде мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы жаңа үлгіге көшуі тиіс екендігін, кәсіпкерлерге көмектесу керектігін баса айтқан болатын. Осы мақсатта Ордабасы ауданында аудан әкімдігінің бастамасымен кәсіпкерлікті қолдау форумы өткізілді.

Форумға Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының, «Ырыс» МҚҰ серіктестігінің, «Даму» қорының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері, аудан прокуроры, аудандағы белсенді кәсіпкерлер, салалық мемлекеттік органдардың мамандары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Жиында аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасап, кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2023 жылы атқарылған және осы жылы жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ауданның бизнес жүргізуге бағытталған потенциалы туралы ақпарат берді.

Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнім көлемі 33,2 млрд. теңгені құрап, 6,5 пайызға артқан. Сонымен қатар шағын және орта бизнестен 99,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Нәтижесінде 792 жұмыс орны ашылып, 502 адам тұрақты жұмысқа тұрған. Өткен жылы инвестициялық құны 10 млрд. теңге болатын 8 жоба жүзеге асып, 292 адам жұмыспен қамтылды.

Ал, 2024 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында инвестициялық құны 40 млрд. теңге болатын 21 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 659 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Форумда аудан прокуроры Абзал Қыдырбай да баяндама жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру мүмкіндіктері жайында мәліметтер берді. Негізгі баяндамашылардан кейін жиын сұрақ-жауап форматына ауысты.

Форум нәтижесінде бәсекелестік ортаны қалыптастырып, бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа түрлерін шығаруда ауданға жеке инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлесін қосқалы отырған инвесторлармен аудан әкімдігі арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.  Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.

Былтыр 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 71 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда:«Батсу Водоканал» компаниясы темір бетон бұйымдарын өндіреді, құны 1 млрд. теңге, 61 жұмыс орны ашылды. «Ордабасы Арт» спорт клубы құны 200 млн. теңге, 11 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 8,6 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, ең ірісі «Gold Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды, 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жыл соңына дейін 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды.  Ауыл шаруашылығында былтырғы жылы 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты.  Жалпы, өткен жылы 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде 2023 жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Былтыр қосымша  гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды.  Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін  7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Былтыр 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.Өсімдік шаруашылығын дамыту; 2.Мал шаруашылығын дамыту; 3. Құс шаруашылығын дамыту; 4.Балық шаруашылығын дамыту; 5.Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау; 6. Тұрғындардың өз кәсібін ашу.Ордабасы ауданынан бұл жобаға 5 ауылдық округтері еніп отыр (Бадам, Шұбар,Шұбарсу, Бөржар, Қараспан).

Былтыр 17 сәуірден бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, 160 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде уәкілетті органмен  млн теңге құрайтын 112 жоба қаралып, жалпы соммасы  млн теңгені құрайтын 133 жоба мақұлданды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарлануда. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін  млрд. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда  өсім бар.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен былтырғы жылы қазан айында аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлермен Қытай Халық Республикасына іс-сапарға барды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Іс-сапар барысында Ордабасы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды.

Ордабасы ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд. теңгеден асып, 5,4 пайызға артты (НКИ). Өсім негізінен:

– өңдеу өнеркәсібі (11,9 млрд.теңге немесе 106,8%);

– электр энергиясын өндіру (33,3%-ға);

– суды жинау, өңдеу және таратудың (100,4%) есебінен қалыптасты.

Өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асырылған, асырылатын жобаларды жазу керек.

2024 жылға арналған міндеттер:

– Өнеркәсіп өнімінің көлемін 28 млрд. теңгеге жеткізу;

– Өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 270 млрд. теңгеге жеткізу.

Жыл басынан «Еңбек» бағыты бойынша  мың адам субсидияланған жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде:

–  «Жастар практикасы» арқылы;

–  «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы;

–  қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты.Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Білім беру саласы бойынша ауданда 70 мектеп (66 мемлекеттік, 4 жеке меншік) жұмыс жасайды. Биыл, Қызылжар және Төрткүл елді мекендерінде 300 және Шұбарсу елді мекенінде 600 орындық 3 мектептің құрылысы жүруде  Аталған мектептерді құрылыстары 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Е.Ерназаров атындағы орта мектебінің күрделі жөндеуіне былтыр 752 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар биыл аяқталатын болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 8 рет