Сонымен қатар «Сауда-инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастықтың әлеуеті» бизнес-форумына қатысқан делегация қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективаларын Өзбекстан Республикасының Тәшкен, Наманған, Ферғана, Самарқан, Бұқара, Сырдария облыстарының әкімдеріне, Әзірбайжан Респбуликасының Гянджа қаласының мэріне, Ресей Федерациясының Нижегород, Мәскеу, Свердловск, Пенза, Липец, Челябинск, Воронеж облыстарының губернаторларына және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының басшысы мен халықаралық қаржы ұйымдарына таныстырды.
Қаламыздың атынан сауда-жәрмеңкеге кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өнімдері ұсынылды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды.
Бұл іс-шаралар мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Бұл іс шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып отыр.