Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу. Іссапар Ыстамбул қаласындағы кәсіпорындарды аралаудан басталды. Онда ғимараттар мен жолдарға арналған бояуларды өндіретін кәсіпорынмен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы меморандумға қол қойды. Алғашқы күндері Түркия мемлекетіндегі Ыстамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарда іскерлік кездесулер өтті.
Делегация Коджаели қаласында ораласқан кондитер, желатин өнімдерін шығаратын кәсіпорнын және трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрикалаларды аралап көрді. Аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында Ордабасы ауданының әкімімен меморандумға қол қойылды. Мекеме басшылары алдағы уақытта Түркістан қаласына іссапармен келуге ниетті екенін айтты. Одан бөлек, «Түркі мемлекеттер Одағы» бас хатшысының орынбасары Мерей Мукажанның қабылдауында болды. Бүгінде әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарын аралап, 2 үлкен тұрмыстық-санитарлық өнімдерді шығаратын зауытпен және кілем фабрикасымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар келесі жылдың наурыз айына Қазақ-Түрік инвестициялық бизнес форумын ұйымдастыру жоспары талқыланды.
Делегация Гебзе қаласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда алдыңғы орындағы зауыттардың жұмысымен танысып, қоймаларында болды. Олардың қатарында жұмысын толық жасанды интеллект арқылы жүйелендірген зауыт жүйесін көрді. Түркияның ең көп қолданыстағы танымал платформасымен танысты. Кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.
Түркістандық делегацияның іссапары Түркия Республикасында ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен, жаңа өндірістік технологиялармен танысумен жалғасты. Келіссөздер жүргізіліп, тиімді келісімдер жасалды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Ыстамбұл қаласына іссапары барысында алпауыт кәсіпорын нысандарын аралап, түркі елдерінің кәсіпкерлерімен кездесті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, екі жақты сауда-экономикалық қатынасты нығайтып, жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу мақсатында «Түркі мемлекеттер Одағы», Түркі инвестициялық қоры, Стамбулдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығымен, сондай-ақ, Түркияның мыңнан астам өнеркәсіп өкілдерінің басын қосқан ассоциация құрамасымен ынтымақтастық орнатты.
Іссапар аясында қалаға инвестиция құйып, 250 жұмыс орнын ашатын, әлемдік аренадағы кілем фабрикасымен меморандумға қол қойылды. Фабрика – заманауи әрі дәстүрге сай, инновациялық және бренд боп қалыптасқан, өз өнімдерін еден төсеніштері мен дизайнерлер командасының бірегей дизайнымен, кілем өңдеуге арналған заманауи тоқу әдістерімен, кез келген талғамға сай өнімдерді ұсынатын безендіру құралы ретінде қарастырады. Айта кетейік, осыған дейін тұрмыстық және косметикалық өнімдер өндіретін зауытпен келіссөздер жүргізіліп, инвестиция бойынша меморандумға қол қойылған болатын.
Қазіргі таңда өзге де ірі кәсіпорындармен инвестиция тарту бойынша екіжақты келіссөздер жүргізілуде. Тағы бір атап өтерлігі, Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркияға сапары аясында алғашқы Қазақ Бас консулы, дүниежүзі Қазақтар қауымдастығының өкілі Ержан Уәйіспен кездесті. Ержан Уәйіс — Түркістанның төл перзенті, телерадио саласында жарқын із қалдырған, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттаған шежіре журналист, Қонаев атамыз баспасөз-хатшысы болған, қазіргі таңда Қазақстан мәдениет және сауда орталығында басшылық жасайды. Биыл орталық бір жыл ішінде 100 фотосурет көрмесі ұйымдастырылып, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлының, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің, 100-ге толған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарының түрік тіліне аударып, шығармаларын жарыққа шығарған. Кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының даму бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндап, ұсыныстарын талқылады. Бұдан бөлек іссапар аясында Әзімбек Пазылбекұлы арнайы Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреев мырзамен кездесті.
Түркі инвестициялық қоры түркі әлемі елдерінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты болып табылады. Былтыр Анкара қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының төтенше саммиті аясында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылған болатын. Құрылтайшы елдер қатарында Қазақстан, Түрия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан елдері бар. Қордың негізгі басымдықтары кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық өсуге, жұмыс орындарын құруға, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға, мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. Шағын және орта бизнесті қорғай отыра, басқа да құзырлы қаржы институттарынан қаржыландыру арқылы қолдау көрсететеді.
Кездесу барысында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовпен бірге шаһар басшысы өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамуы мен инвестициялық жобаларды таныстыра отырып, әлемдік тәжірибедегі жүзеге асыру бағыттарын талқылады. Айта өтейік, кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.
Қорыта айтқанда, Түркістан облысының делегациясы Түркия Республикасына іссапар аясында Түркияның 5 қаласында болып, 15 зауыт, фабрикалардың жұмысымен танысты. Нәтижесінде Түркістан өңіріне инвестиция салу, бірлесіп жұмыстар атқару бойынша 9 компаниямен меморандумдарға қол қойылды. Меморандум аясында Түркияның үздік бояулар өндіретін кәсіпорны, трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрика, қонақ үйге арналған химиялық жабдықтар мен косметика заттарын өндіретін компания, құрылыс және металл өнімдерін шығарумен айналысатын, кілем шығаратын ірі компаниялар Түркістан облысымен бірлесе жұмыс істейтін болады.
Түркияға жасалған іссапарлар нәтижесінде 27 түркиялық инвестормен іске асырылып жатқан, іске асырылуы жоспарланған және перспективалық жобалар тізімі жасақталды. Бүгінгі таңда әрбір жоба жетекшілерімен жеке байланыс орнатылып, келесі жылдың наурыз айында бірлескен халықаралық инвестициялық форум және көрме өткізу жоспарланып отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат