Сейсенбі, 10 Қараша 2020 23:24

Шардара ауданында 130 азамат мемлекеттік грантпен кәсіп ашқан

Шардара ауданында 130 азамат мемлекеттік грантпен кәсіп ашқан. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Ағымдағы жылы мемлекет тарапынан шағын кәсіпті қолдау мақсатында елімізде қайтарымсыз ақшалай көмек ретінде "Еңбек" бағдарламасы қолға алынған болатын. Бағдарлама аясында Шардара ауданында 130 азамат қайтарымсыз грантқа ие болып, құны 555 600 теңгені құрайтын сертификат ұтып алған.

Соның бірі қала орталығынан өз тігін цехын ашқан Ерманова Құрбанкүл Төкешқызы. Ол шағын тігін цех ашып, тапсырыс бойынша киім-кешек тігу және оны өңдеумен айналысып келеді. Ол қайтарымсыз мемлекеттік грант туралы естіп, қатысуға бел буған. «Қолымнан тігін тігу ісі келген соң, осы салада өз бизнес жоспарымды сәтті қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болдым. Шағын кәсіппен айналысам деп жүрген азаматтарға беріліп жатқан мұндай қолдауға шексіз алғысымды білдіремін"- дейді жас кәсіпкер.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 410 рет