Жексенбі, 07 Ақпан 2021 20:53

Түркістан: Төлеби ауданы ауылшаруашылық өнімін 47 млрд теңгеге жеткізбек

Түркістан облысы Төлеби ауданында ауылшаруашылығы өнімінің көлемін биыл 47 млрд 272,9 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр, – деп хабарлайды  Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл бағытта ауданда бірнеше ірі жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК 80 гектар жерге шие отырғызу және 500 тонна алма өнімдерін сақтайтын қоймаға жалпы 1 млрд 100 млн теңге инвестиция тарту жоспарлауда.

Бұдан бөлек, Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС 1800 бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, мал басын 4000 басқа жеткізуді жоспарлауда. Тасарық ауылдық округінде жеке кәсіпкер Танабаев Сабыржан 2021 жылы 15 га жерге жүзім егуді, 2022 жылы тәулігіне 5 тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын ашуды және 200 млн теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, бір жылда 2 рет өнім алу бағытында іске асқан 120 жоба жалғасы табылатын болады. Нәтижесінде, ауылшаруашылығында 3 млрд 500 млн теңге инвестиция тартылуы және 95 адамның жұмыспен қамтылатын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 267 рет