Сенбі, 27 Ақпан 2021 18:02

Ордабасы: Экономикалық саясат пен инфрақұрылымдық дамудың жоспары 7 бағытта жүзеге асырылуда

Ол: көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы мен су және табиғи газбен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков :

"Өкінішке орай, еліміздегі орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты, биыл карантин талаптарын орындау және тұрғындарымыздың саулығын сақтау мақсатында есепті кездесулерді онлайн жүйеде өткізуге мәжбүрміз.

Өткен жылы бүкіл әлем пандемияның зардабын кешті.

Бүгінде жағдай тұрақталғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Әлеуметтік ара қашықтық, медициналық бетперде әлі күнге міндетті екенін назарларыңызға саламын. Бұл шаралар ең алдымен әр азаматтың жеке өзінің, отбасының және туған-туысының саулығын сақтау үшін аса маңызды.

Әйтсе де, карантин режимінде де Ордабасылықтар нәтижелі еңбек үлгісін көрсетіп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтуіміз керек.

Ауданымызда экономикалық саясат пен инфрақұрылымдық дамудың жоспары 7 бағытта жүзеге асырылуда.

Ол: көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы мен су және табиғи газбен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 345 рет