Жексенбі, 28 Ақпан 2021 19:15

Түркістан: Кәсіпкерлердің құқығы басты назарда

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бизнесті және инвестицияны қорғау» мәжілісі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру.  Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.        Жиында    отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалу керектігі айтылды.Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  барысында пайда болатын проблемалық мәселелер талқыланды.

Өткен жылы өңірде  15 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласудың 18 дерегі әшкереленген.  Сол арқылы  жергілікті атқарушы органдардан 10 лауазымды тұлға сот үкімімен сотты болған.

Түркістан облысында квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құру көзделуде.   Осылайша коммерциялық компаниялар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшеймек.  Бизнесті қорғау мәселелері еркін форматта талқыланған жиын соңында Түркістан облысындағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық  мәселелер мен карантин режимінде сақталуы тиіс негізгі шектеулер ортаға салынып, өңірдегі кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 460 рет