Дүйсенбі, 29 Наурыз 2021 22:03

Шымкентте 2020 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4,9 млрд теңгеге артқан

Шымкентте 2020 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4,9 млрд теңгеге артқан,-деп хабарлайды «aq-qara.kz» ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде Шымкент қаласында 2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 млрд теңгеге артып отыр.

Ал, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн. АҚШ долларын құраған(қаңтар-қараша). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 107,5% немесе 9,7 млн. АҚШ долларына артты.

Жоғарыда айтылған нәтижелер  межеленген жоспардан артық көрсеткішті көрсетіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 414.7 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2020 жылы 7,6 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 3,3 млрд теңгеге немесе 1,7 есеге артты.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 381 рет