Аталған бағдарламаның арқасында кәсіпкерлер кәсібін дамытып жатса, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтар қайтарымсыз грантқа ие болып келеді.
Солардың ішінде қоқыс қалдықтар шығару қызметімен айналысатын Шымкент қаласындағы «ЕР-Нур» ЖШС-гі төменгі пайызбен несие алып, жұмысына қажетті қондырғы сатып алды. Мекеме директоры мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Нұрбанк» АҚ арқылы арнайы техниканы сатып алу үшін жылына 6%-бен несие алады. Кепілдің жетіспейтін сомасын «Даму» қоры өз кепілдемесімен толықтырды.
Бөлінген қаражатқа кәсіпкер XCMG фирмасының 2 фронтальды (жүк) тиегішін сатып алды. Соның арқасында кәсіпкер қатты қалдықтар шығару көлемін арттырып, нарықтағы қызметін сенімді көрсете алады.
Кәсіпорын басшысы Алпамыс Макулбековтың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер – шағын және орта бизнестің тынысын ашады. Яғни, қатты қалдықтарды шығару бойынша ұсынылатын қызметтердің жоспарлы көлеміне қол жеткізуге және нарықтан лайықты орын алуға мүмкіндік берді-дейді ол.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат