Бейсенбі, 22 Сәуір 2021 12:23

Абай ауданында жасыл аймақ 10 гектарға ұлғайды

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Абай ауданындағы жасыл аймақтың аумағы 10 гектарға ұлғайды.

Бұл туралы   аудан әкімі Б.Парманов қала әкімі Мұрат Әйтеновке баяндады,-деп хабарлайды   Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Онда «Шымкент-Ташкент» бағытындағы трассадан Ақжар тұрғын алабына дейінгі 3 шақырым жол бойының екі бағытына 10 000 түп; Құрсай шағын ауданындағы «Мұсылман мазаратының» аумағына 4 500 түп; Гулисман көшесінің бойымен Бадам өзенінің жағалауына 3 000 түп; «Шымкент-Түркістан» бағытындағы жол бойына 2 500 түп; 2 500 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 22 500 түп ағаш көшеттері демеушілер есебінен алынып, қарағаш және жаңғыл ағаштары егілді.

Шымкент-Түркістан бағытындағы 5 га аумаққа жабайы өрік – 600, қарағаш – 700, үйеңкі – 600, шаған – 600 түп отырғызылды. Сонымен қатар, 3 мың түп раушан гүлі егілді. Бұл жұмыстарға көп қабатты тұрғын үй тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысқан.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 350 рет