Сәрсенбі, 05 Мамыр 2021 21:53

Шымкент: Асқар Амантай курс оқып, кәсібін ашты

Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама арқылы курстан өтіп, кәсіп ашқан жастар көп. Солардың бірі – Асқар Аманатай.

Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

26 жастағы Асқар Ерманұлы металл емес материалдарды лазерлік кесу мен ою аппаратын сатып алып, цех ашқан. Қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандарына, гүл сататын және діни дүкендерге өз қызметін көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда жиналмалы (трансформер) жер үстелді жасауды қолға алған. Оюмен өрнектеліп жасалған жиналмалы үстел әсіресе пәтерде тұратындарға ыңғайлы.

Сонымен қатар, ол шежіренің де түр түрін жасайды. Әр қазақтың төрінде ілініп, балалар бабаларын ұлықтап, жеті атасын біліп, жеті жұрттың қамын жеп өскенін қалайтынын айтады.

5 адамды жұмыспен қамтып отырған жас маман алдағы уақытта өз кәсібін дамытып, трансформер жиһаздардың түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 148 рет