Биыл да бір жерден екі өнім алатын шаруа қожалық басшылары жерлеріне еккен қызанақ, қияр, сәбіз, жүгері, қырыққабат, сарымсақ, пияз, болгар бұрышы, картоп көкөністерінен молынан өнім алуды көздеуде.
Сондай-ақ екі рет өнім алуға қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан. Олар, өнім көлемін арттыру мақсатында жылда екі рет егетін егін түрлерін жоспарлап отырады. Шаруа қожалық басшылары, бүгінгі күнге екінші өнімге күздік дақылдарын егуді жоспарлауда.
Жылына екі өнім алып жүрген шаруа қожалықтарының жұмысымен танысуға келген Республикалық Статистика Агенттігі, облыстық статистика департаменті, аудандық статистика басқармасы басшылары, Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары және Сайрам ауданы әкімінің оранбасары М.Оразалиев , аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Р.Есполай егістік алқаптарын аралап, төрағаларымен сұқбаттасты.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат