Бейсенбі, 15 Шілде 2021 14:40

Түркістан: Төлеби ауданында биыл егілген егіс көлемі - 65 946 га құрады

Төлеби ауданы облыс көлеміндегі астықты алқаптардың бірі болып саналады.

Қазіргі кезде аймақта бидай ору маусымы басталды. Дихандар науқанға білек сыбана кірісті. Олар жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен.

Бүгінде ауданда биыл егілген егіс көлемі - 65946 га құрады. Оның ішінде:

1) Бидай - 14397 га (8171 га күздік бидай, 6226 га жаздық бидай);

2) Арпа - 7125 га;

3) Майлы дақылдар - 11459 га (11399 га мақсары, 60 га күнбағыс);

4) Ескі жоңышқа - 24903 га;

5) Жаңа жоңышқа - 4660 га;

6) Сүрлем жүгері - 80 га;

Сондай-ақ, егілген көкөніс көлемі: 1)Картоп – 1352 га;

2) Көкөніс – 1825 га. Дәнді дақылдар арасында ноқат -145 га жерге егілді.

Биылғы жыл шаруалар үшін ырысты жыл болмақ. Бүгінгі күнге – Аққұм, Бірінші Мамыр, Зертас, Кемеқалған, Киелітас, Көксәйек және Тасарық ауылдық округтерінде астық ору басталып, жалпы 2602 га бидай және 2932 га арпа орылды. Бидайдың түсімділігі 10,2 ц/га айналып – 2647 тонна, арпаның түсімділігі – 9,3 ц/га айналып – 2735 тонна өнім жиналды.

14 мыңнан астам гектар егістік алқапқа бидай егілсе, бастысы астықтың түсімділігі жақсы. Аудан аумағында астық ору науқанына 64 комбайн және 420-ға жуық доңғалақты техника қатысатын болады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 317 рет