Жұма, 16 Шілде 2021 16:02

Түркістан: Облыс көлемінде Ордабасы ауданының касіпкерлік саласының көрсеткіші - 3 орында

Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыс көлемінде Ордабасы ауданының касіпкерлік саласының көрсеткіші 3 орында.

Сонымен қатар, сауда саласы бойынша көш бастап, инвестиция тарту 4 орынға тұрақтады.

Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша әлеуметтік-экономикалық Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы бойынша да көрсеткіші былтырғыдан жоғары.

Тарқатып айтар болсақ, бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар. Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2021 жылдың 6 айында 11 млрд. 678 млн. 400 теңгені құрап, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызды құрап отыр.

Үдемелі индустриялды-инновациялық жоба аясында 2010-2019 жылдар аралығында инвестициялық құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрап, 20 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 1 563 жаңа жұмыс орны ашылды.

2021 жылы жалпы Индустрияландыру картасы аясында 1 жоба 824,0 млн.тг. құрайтын 15 жаңа жұмыс мемлекеттік қабылдаудан өтті. Атап айтар болсақ:

«Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасы, жалпы құны 824,0 млн.тг. құрап, 15 жұмыс орнымен толықты. Жоба 01.03.2021 жылы мемлекеттік қабылдаудан өтіп, 3-тоқсанда іске қосылады деп күтілуде. Статистикалық есепке 500,0 млн.тг. енгізілді.

Бөлшек сауда 2715,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайызды жетіп, Ордабасы ауданы 1 орынға шықты.

Есепті кезеңде ауданға 10 млрд. 060,9 млн. теңге инвестиция тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 180,8 пайызды жетті. Оның ішінде бюджеттік емес инвестициялар 6752,2 млн. теңгені (67,1пайыз) құрап, облыс көлемінде аудан, қала арасында аудан 4 орынға тұрақтады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 356 рет