Сейсенбі, 24 Тамыз 2021 13:36

Шардара: Мелдеби мөлтекауданында «Асыл-ай» балалар ойыны алаңшасы пайдалануға берілді

Шардара ауданы, Мелдеби мөлтекауданында «Асыл-ай» балалар ойыны алаңшасы пайдалануға берілді.

Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші – адам денсаулығы.

Спорт – денсаулық кепілі, ал денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақ – ел болашағы.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын көптеген нысандар ашылуда.

Осы тұрғыда бүгін “Шардара Армспорт” клубының ұйымдастыруымен Шардара қаласы, Мелдеби мөлтекауданында орналасқан "Тәуелсіздік" саябағынан 500 шаршы метрлік балалар арналған ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Нысанның құрылысына демеушілік жасаған Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлына аудан тұрғындары алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ойын алаңының ашылғанына қуанып асыр салып ойнап жүрген бүлдіршіндер де дән риза болысты.

Ауданымыздың басқа да өңірлерінен осындай спорттық және балалар ойын алаңшалары ашылатын болса, “Ел болашағы жастар”- демекші, Еліміз болашақта сонау Еуропа елдерімен теңесетіні сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 557 рет